Қарастырылатын сұрақтар: 5.1 Рекреациялық географияның пәні мен объектісі
5.2 Рекреациялық географияның туристік қызметпен байланысы
5.3. Аймақтың туристік және рекреациялық әлеуетін бағалаудың
географиялық әдістері
5.4 Туристік аудандандыру түсінігі және туристік орталықтардың
қызметі
5.5 Туристік орталықтар қызметінің ерекшеліктері
5.6 Туристік дестинация және оның негізгі сипаттамалары
5.7 Туристік аймақтар мен зоналар
5.1 Рекреациялық географияның пәні мен объектісі Туризм жүйесіндегі рекреациялық қызметті ұйымдастыру және оны
дамыту сұрақтарымен рекреациялық география айналысады, негізгі міндеті -
туристік және рекреациялық қызметті, аймақтарда орналасқан объектілердің
сипаттамалары тұрғысынан зерттеу болып табылады. Рекреациялық
география жеке білім саласы ретінде, ХХ ғасырдың 60-шы жылдарының
басында қалыптасты және тек 1974 жылдары ғана КСРО жоғары оқу
орындарында жеке пән ретінде оқытыла бастады.
География аясында рекреациялық қызметті зерттеу саласындағы
алғашқы
жұмыстарды
КСРО
Ғылым
академиясының
География
институтының өкілдері В.С. Преображенский, А.А. Минц, И.П. Герасимов
және басқалар жүргізді. В.С. Преображенский өзінің функционалды мәні
бойынша объективті және әлеуметтік болып көрінетін рекреациялық жүйенің
сипаттамаларын анықтады. Н.С. Мироненко және И.Т. Твердохлебов: «...
адамдардың кез келген қызметі кеңістікте және уақыт бойынша жүзеге
асырылады,
алайда
рекреациялық
қызмет
«географиялығымен»
ерекшеленеді», кеңістіктік түсінігі айрықшаланады, аумақты таңдап алумен
сипатталады. Сонымен қатар, ол кеңістіктің және уақыттың ерекше типтерін-
рекреациялық кеңістік пен рекреациялық уақытты ерекшелейді»
*
- деп
белгілейді. Демек, рекреациялық географияны зерттеу пәні аумақтық
рекреациялық жүйелерді зерттеуге бағытталған.