бұл туристік аудандастыру, демалыс және мәдениеттің дамуы үшін
белгілі
бір аумақтарды табиғатқа зардап тигізбей тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
А.С. Кусков, Т.Н. Одинцова және В.Л. Голубцева атап өткендей «туристік
аудандастырудың ғылыми принциптерін құрастыру және оны одан әрі
дамыту игерілмеген территорияларда туризмді дамыту үшін жаңа
рекреациялық
ресурстарды анықтауға; түрлі реттегі жаңа туристік
аудандарды
анықтауға және құруға; олардың туристік мамандандырылуын
дұрыс
анықтауға, бір аудандардың туризмді дамыту тәжірибесін ұқсас
шарттары бар
басқа аудандарға алмастыруға; шарттары бойынша сан алуан
туристік аудандарға дифференциалды түрде қарауға мүмкіндік береді»
.
Ю.А. Худеньких туристік аудандастырудың
келесі принциптерін атап
көрсетеді:
- біртұтастық – туристік аудан ортақ және бөлінбейтін табиғи-қоғамдық
кеңістікті құрайды;
- туристік қызметтің белгілі бір түрінің басым болуы (таулы аумақтарда
негізінен альпинизм және спелеология басым);
- орталықтарға ұмтылу – ауданның ұйымдастырушылық орталықтарын
бөлу;
- туристік маршруттардың жабықтығы –
негізгі маршруттар ауданның
шекарасында жүзеге асырылады;
- туристік территориялардың иерархиялығы;
- туристік инфрақұрылымның даму деңгейі;
- шаруашылық және рекреациялық игерулердің тарихи ортақтастығы.
Достарыңызбен бөлісу: