1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар



Pdf көрінісі
бет18/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

Орталық 
Қазақстан 
Қарағанды облысы 
Балқаш көлі – әлемдегі ең ірі көлдердің бірі, ерекше 
Қарқаралы таулы-орманды оазис, Шайтанкөл көлін 
атауға болады. Көптеген естелік орындары бар, оларда 
археологиялық 
және 
этнографиялық 
нысандар 
сақталған. Бұл космосты игерумен байланысты 
аумақтардың бірі.
Оңтүстік 
Қазақстан 
Алматы облысы 
Жамбыл облысы 
Қызылорда облысы 
Оңтүстік Қазақстан 
облысы 
Шығыс және оңтүстік шекаралар бойынша жүздеген 
километрге Тянь-Шань тауының тізбегі созылған. 
Онда табиғи, тарихи, археологиялық және мәдени 
ескерткіштер көптеп сақталған. Сайрам (Испиджаб) 
көне қаласының үйіндісі, Абдул-Азиз-Баба, Карашаг 
Ата кесенелері сақталған. Қожа Ахмет Яссауи 
кесенесі ерекше орын алады. Ол Ақсақ Темірдің 
үстемділігі кезінде салынған. Бұл жерде көне қала 
Отырардың үйіндісі бар. Ол қалада Александрия 
және Карфагендік кітапханалардан кем емес үлкен 
кітапхана болған. АҚСУ-Жабағылы қорығы, Қарахан 
және Шамансұр кесенелері, Арқытас археологиялық 
ескерткіші, Айша-Бибі мен Бабаджа-Хатун кесенелері 
бар.
Шығыс Қазақстан 
Шығыс Қазақстан 
облысы 
Ашық аспан астындағы сирек кездесетін минералдар 
мұражайы, археологиялық ескерткіштер, Марқакөл 
және Батыс Алтай қорлары, Зайсан, Марқакөл, Рахман 
көлдері, Себин көлдері, Бұқтырма және Новошульба 
су қоймалары, Бауқуыс үңгірі, Еңлік-Кебек кесенесі, 
марал шаруашылығы және көптеген курорттық-
санаторлық ұйымдар орналасқан.
 
5.5 Туристік орталықтар қызметінің ерекшеліктері
Қазіргі таңда туризм саласында кәсіби еңбек атқарушы маман туристік 
орталықтардың функционалдық ерекшеліктерін және олардың сипаттарын 
жақсы білуі тиіс. Туристік орталықтар туристік аудандардың негізінде 
дамиды және жеткілікті туристік-рекреациялық әлеуетке ие болады.

Соңғы 
түсінікті 
туристік-рекреациялық 
ресурстардың 
негізінде 
туристік-
экскурсиялық қызмет көрсетудің жиынтығы құралған қала, тұрғылықты жер 
немесе нысан ретінде анықтауға болады. Туристердің сұраныстарына 
байланысты туристік оралықтардың бір неше түрлері болады. Кең тараған 
төрт түрі бар: 
1.
Аксиологиялық туристік орталық – мәдени-тарихи мұраны, діни 
ағымдарды, 
этнографиялық, 
фестивальдардың 
және 
конгресстердің 
өткізілуімен байланысты туристердің қажеттіліктерін қанағаттандыруға 
бағытталған.

Старовойтенко О.А. Теория туризма / О.А. Старовойтенко – М.: МПСУ: Воронеж: МОДЭК, 2012


2.
Экологиялық түрдегі туристік орталықтар экологиялық туризм 
маршруты өтетін табиғи ландшафттар, ұлттық парктер мен қорықтар, 
аңшылық-балықшылық ресурстар, көзтартатын акваторийлардан тұратын 
табиғи құндылықтарды топтастырады.
3.
Рекреациялық түрдегі туристік орталықтар – санаторлы-курорттық 
қызмет көрсетудің негізінде сауықтыру қызметтерін ұсынатын туристік 
орталықардан құралады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет