5.6 Туристік дестинация және оның негізгі сипаттамалары Қазіргі уақытта оқулықтар мен басқа да мамандандырылған әдебиетте
«туристік дестинация» терминін (ағылшын тілінен аударғанда дестинация
орналасқан орынды, тағайындалған жерді білдіреді) өте жиі кездестіруге
болады. «Туристік дестинация» терминін 1980-жылдардың ортасында
Лейпер енгізген болатын.
*
Қазіргі уақытта туристік дестинацияларды
қалыптастыру мен даму облысындағы зерттеулермен туризм саласында
мамандандырылған бүкіл әлем ғалымдары айналысады.
70-ші жылдардың ортасында туристік нарықтарды псиxографиялық
сегментациялауға арналған С. Плоганың еңбектері пайда болады, онда автор,
туристік дестинацияның өмірлік циклының негізгі элемементтерін
қарастырады. С. Плога туристік аймақтардың дамуы мен құлдырау
мәселелерін зерттеуді псиxографиялық әдістерді пайдалана отырып,
әлеуметтік ғылымдар тұрғысынан қарастырды. Зерттеудің берілген әдістерін
қолдану негізінде тұлғалардың екі шекті типтері ерекшеленген болатын – ол
туристік тәртіп модельдерімен ерекшелену және демалу үшін әр түрлі
орындарды таңдайтын псиxоцентрик пен аллоцентрикті атауға болады.
1980 жылдары Р. Батлер өзінің туристік дестинациялар дамуының
теориясын ұсынады (дестинация қалыптасуының S тәрізді теориясы). Ол
ұсынған теория туристік дестинацияның өмірлік циклының төрт негізгі
сатысы – ашу, жергілікті бақылау, институционалдық, сөну сатыларынан
тұрса. Ол өз кезегінде бес негізгі фазаға бөлінеді: зерттеу, ену, даму, бірігу
және тоқырау.
5.7 Туристік аймақтар мен зоналар Туристік қызметтер кешені әруақытта ұсынылатын территорияда нақты
ерекшеленген шекараға ие болмайды. Бұл демалысты ұйымдастыру мен
туристерді орналастыруға арналған барлық қажетті материалдық база
болатын туристік орталық та, аймақтың бөлігі болуы мүмкін. Мұндай
территория туристтің өзі саяxатының мақсаты етіп таңдайтын қандай да бір
облысты, елді және тіпті елдер тобын қамтуы мүмкін.
Л. Спанген туристік аймақ деп - демалысты, оқу үрдісін немесе
сауықтандыруды ұйымдастыру үшін қажетті арнайы құрылымдар мен
қызметтердің үлкен желісіне ие болатын географиялық территорияны (орын,
аймақ) түсінеді.
Боголюбов В.С., Орловская В.П. Экономика туризма / 3-бас. - М.: Академия, 2005
ДТҰ анықтамасынан шығатыны, туристік аймақ өзіне, турист немесе
туристер тобы таңдайтын, туристік қызметтерді өндірушілермен сатылатын,
туристік ғимараттар мен қызметтерге бейімделген қандай да бір
ескерткіштерді кірістіреді.