1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет20/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1
«Рекреациялық география» түсінігіне анықтама беріңіз. 
2
Қай жылдары рекреациялық география бөлек пән ретінде дами 
бастады? 
3
Рекреациялық географияның туристік қызметпен өзара байланысын 
сипаттаңыз. 
4
Рекреациялық географияның зерттеу нысаны не болып табылады? 
5
Рекреациялық географияның зерттеу пәні не болып табылады? 
6
«Туристік аудандастыру» түсінігіне анықтама беріңіз. 
7
Туристік аудандастырудың негізгі сатыларын атаңыз және 
сипаттаңыз? 


6 тақырып. ТУРИЗМДЕГІ ТЕРРИТОРИЯЛЫҚ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ 
ЖҮЙЕЛЕР 
Мақсаты: 
Туризмдегі территориялық рекреациялық жүйелерді 
анықтау 
Қарастыратын сұрақтар: 
6.1 Территориялық рекреациялық жүйелер 
туралы негізгі түсінік және базистік моделі
(В.С. Преображенский бойынша) 
6.2 Территориялық рекреациялық жүйенің даму сатылары және 
заманауи тұжырымдамалары 
6.3 Территориялды рекреациялық жүйелердің типтері 
 
6.1 Территориялық рекреациялық жүйелер туралы негізгі түсінік 
және базистік моделі (В.С. Преображенский бойынша) 
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ) заманауи рекреациялық және 
туристік қызметтің негізгі элементі болып табылады және рекреацияны 
жүзеге асыру үшін қажетті функциялардың белгілі бір жинағына ие болатын 
және қандай да бір бүтін ретінде шығатын кіші жүйелердің бірі ретінде 
сипатталады. Территориялық рекреациялық жүйелер туралы түсінікті 
алғашқылардың бірі ұсынған болып рекреациялық географияның кеңес 
мектебі, дәлірек айтқанда рекреациялық жүйе сұлбасын әзірлеген В.С. 
Преображенский болып табылады (сурет 6.1). 
Сурет 6.1– Территориялық рекреациялық жүйе сызбасы 
(Преображенский В.С. құрған, 1975 ж.) 
ДТ – демалушылар тобы, ТК – табиғи және мәдени кешендер, ТҒ(О) 
БО 
ТК 
ТҒ(О) 
ДТ 
ҚТ 

II 
III 
IV 
1 2 3 4 


– техникалық жүйелер, ҚТ – қызмет көрсетуші қызметкерлер тобы, 
БО – басқару органы, 1 – жүйенің сыртқы байланыстары, 2 – кіші 
жүйелер арасындағы байланыстар, 3 – басқару командалары, 4 – кіші 
жүйелердің жағдайы туралы ақпарат: I – демалушылардың 
қанағаттанушылығы туралы, II – табиғи кешендердің демалу 
талаптарына сәйкестігін қысқарту дәрежесі туралы, III – пайдалы 
қасиеттерін сақтау дәрежесі және ықтимал теxникалық жүйелер 
туралы, IV – қызмет көрсетуші қызметкерлердің жағдайы 
Преображенский В.С. ТРЖ деп - өзара байланысқан кіші жүйелерден 
тұратын (табиғи және мәдени кешендер, теxникалық құрылымдар мен 
операциялар, қызмет көрсететін қызметкерлер, басқару органдары мен 
демалушылар) және функционалдылық пен территориялық бүтіндікпен 
сипатталатын геожүйені түсінеді.
*
ТРЖ базалық құрамдас бөліктері ретінде келесілер анықталған болатын: 
-
рекреациялық және туристік қажеттіліктерді қанағаттандырудың 
негізгі нысандары ретінде табиғи және мәдени кешендер; 
-
туристік қызмет нысандарының да, жеке туристердің де тіршілігін 
қамтамасыз ететін жүйесі болып табылатын инженерлік құрылымдар; 
- негізгі міндеті демалушылар мен туристердің қажеттіліктерін 
қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларды жүзеге асыру болып табылатын 
қызмет көрсетуші қызметкерлер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет