1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


 Экологиялық туризмнің мәні, функциялары мен даму



Pdf көрінісі
бет23/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

7.2 Экологиялық туризмнің мәні, функциялары мен даму 
факторлары 
Экология мен туристік саланың тығыз байланысы туризмнің кейбір 

Воскресенский В.Ю. Международный туризм: учебное пособие / М.: 
ЮНИТИ-ДАНА, 2006


сирек түрлерінің пайда болуы мен дамуның факторларының бірі болды, оның 
негізі болып аумақтың ерекше ландшафтысы, табиғи-климаттық жағдайлары, 
аймақтың географиялық ерекшеліктері және т.б. алынады. Туризм мен 
экологияның өзара байланысының нәтижесінде туындаған туризм түрі болып 
экологиялық туризмді атауға болады. 
Қазіргі уақытта бұл туризм түрі әлемнің барлық мемлекеттерінде кең 
таралған. Экологиялық туризмді дамытудың мәні туризмге арналған 
көптеген халықаралық іс-шаралардың талқылайтын ортақ тақырыбына 
айналды. Әлемдік қауымдастықтың табиғатқа әсері, мәдени құндылық 
объектілері мен тұрғылықты халықтың өмір деңгейін арттыруға әсері туралы 
хабардар болуы мен отандық туризмді жүзеге асыру идеясын қолдау үшін
Біріккен Ұлттар ұйымы 2002 жылды Халықаралық экотуризм жылы деп 
жариялаған. Дүниежүзілік туристік ұйым басқа да халықаралық ұйымдармен 
(ЮНЕСКО, Tourism Concern (TC), Оқиғалық туризм қоғамы (ATS), World 
Travel & Tourism Council) жыл сайын әлемдегі экотуризмді дамытудың 
ерекшеліктеріне 
бағытталған 
ғылыми-практикалық 
конференциялар 
өткізеді


Бүгінгі күні, «экологиялық туризм» адамның «ашық» табиғат жағдайына 
болуына бағытталған қызмет, оның экозотика мен тамаша жерлермен тікелей 
байланысы және адамның ғылыми, танымдық және өлкетанушылық 
қажеттіліктерінің пайда болуы мен оны қамтамасыз ететін қызмет деуге 
болады


Экологиялық туризмнің дамуы мен мәні бүкіл әлемдік ғылыми қоғамды 
қызықтырады және бүгінде экологиялық туризмнің дамуының жеке 
аспектілеріне арналған, шетелдік және отандық ғалымдардың ғылыми 
еңбектерінің жеткілікті саны бар. Экологиялық туризмнің мәселелері Дж. 
Уокер, Н.В. Дроздов, Н.Р. Данилин, С.Р. Ердәулетов, М.К. Қожахметов, Л. 
Вандер Ваген, Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов және т.б. жұмыстарында 
қарастырылады, олардың әр қайсысы «экологиялық туризм» түсінігін 
қарастыра отырып, экотуризмнің теориялық аспектілерін сипаттауда өз 
ойларын келтіреді. Бірақ, келтірілген дәлелдерінің түрлілігіне қарамастан
барлығы экологиялық туризмнің негізін келесідей құрайды: 
- жабайы табиғат орындарына саяхат; 
- табиғатқа минимум әсер ету; 
- табиғатты қорғау қызметі және қорғалатын аумақты қолдау; 
- экологиялық-білім беру құраушыларының болуы; 
- жергілікті халықтың болуы және осы қызметтен кіріс алу, олар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет