беріңіз?
4.
Территориялық рекреациялық жүйелердің
негізгі типтерін айтып
беріңіз?
5.
Территориялық-рекреациялық
жүйелердің
типологиясы
неден
шығады?
7 тақырып. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТТІҢ ЕЛДІҢ ЭКОЖҮЙЕСІМЕН
ӨЗАРАБАЙЛАНЫСЫ. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТУРИЗМ ТҮСІНІГІ
Мақсаты:
Туристік қызметтің елдің экожүйесімен өзарабайланысы.
экологиялық туризм түсінігі
Қарастырылатын сұрақтар:
7.1 Туристік қызметпен елдің экожүйесінің арасындағы байланыс
7.2 Экологиялық туризмнің мәні, функциялары мен даму факторлары
7.3 Қазіргі жағдайдағы экологиялық туризмнің жіктелімі
7.4 Қазақстан Республикасында экологиялық туризмді дамыту
ерекшеліктері
7.1 Туристік қызметпен елдің экожүйесінің арасындағы байланыс
Қазіргі туристік қызмет әр мемлекеттің экологиялық жүйесімен
тығыз
байланысты және бұл өзарабайланыс экологиялық жағдайға оң да,
теріс те
әсер етеді.
Туристердің қажеттіліктері көбіне жағымды экологиялық жағдайға
тәуелді және бұл фактор мемлекеттегі тиімді экологиялық
саясатты әзірлеу
мен жүзеге асыру саласында мемлекеттік органдарға ынталандырушы әсер
етеді, ол туристік орталықтарды дамыту үрдісінде
қатаң сақталатын
экологиялық нормаларды әзірлеу мен қолданудың негізі болып табылады.
Қазіргі уақытта туризм елдің экологиясына оң әсерінен гөрі теріс әсерін
көбірек көрсетуде. Қазіргі туризм айтарлықтай мөлшерде қоршаған ортаға
зиян
келтіреді, табиғи жағдайлардың өзгерістері болады, әсіресе, адамдар,
жануарлар мен өсімдік әлемінің өмірлік жағдайлары нашарлауда.
Елдің экологиясына туризмнің кері әсеріне қатысты туризм саласындағы
танымал теоретик Й.
Криппендорф өз ойын білдірген, ол туризмді
қонақжайлылықты
коммерциализациялауды ұсынды, бұрынғы «қонақ»
терминінің орнына «клиент» және «турист» коммерциялық терминдері келді,
туризмнің экономикалық жүйесін «ландшафтты жұтушы» терминімен
анықтады, осы арқылы бұл саланың барлық
кері қайтымы жоқ әсерлерге
ұшырайтын жаңа аумақтарға үлкен қажеттілігін ерекшелеп көрсетті
.
Достарыңызбен бөлісу: