пайда болуымен сипатталады. ТРЖ мазмұны мен мәнін қайта қарастыру
орын алады, ТРЖ теориясын пайдаланудың дербес нұсқалары ұсынылады,
ТРЖ ұйымдастыру факторы мен фоны ретінде қоршаған ортаға айтарлықтай
назар аударылады.
Аймақтық
территориялды
рекреациялық
жүйелер
(АТРЖ)
тұжырымдамасын алғашқылардың бірі болып Шайдаров А.Ю. 2006 жылы
ұсынған болатын, онда «ТРЖ-ні туристік өнімнің ұдайы өндірісі үрдісін
жүзеге асыру - өзіндік ерекше функциясы (ортақ мақсаты) бар күрделі бүтін
ұйымдастырушылық-экономикалық жүйе» ретінде анықтады.
6.3 Территориялды рекреациялық жүйелердің типтері
Туристік және рекреациялық қызмет
дамуының көпжақтылығы
танымдық қызмет демалысының әр түрлі түрлерінің мақсатында ТРЖ
негізіндегі әр түрлі табиғи және мәдени-тариxи нысандарын қолдануды
негіздейді. ТРЖ әр түрлі типтері белгіленеді.
ТРЖ ең кең тараған типологияларының
бірі рекреациялық қызметтің
функционалды бағыттылығына негізделеді. Функционалды типология
рекреация мен туризм үрдісінің негізгі функцияларына сүйенеді, оған сәйкес
территориялды рекреациялық жүйелердің төрт негізгі функционалды
типтерін ерекшелеуге болады:
- негізгі функциясы емдік қызметтерді
ұсынуға бағытталған іс-
шараларды жүзеге асыру шарттарын қалыптастыру болып табылатын емдік
функциясы;
- турист немесе демалушы ағзасының физикалық және моральдық
күштерін қалпына келтіру шарттарын
қалыптастыруға бағытталған
сауықтыру жүйесі;
- турист немесе демалушыға физикалық даму немесе жаңғыру
мақсатында белгілі бір спорт түрлерімен айналысуға мүмкіндік беретін
табиғи және жасанды нысандардың болуымен
сипатталатын спорттық
функциясы;
- адамның руxани даму шарттарын қалыптастыруда танылған танымдық
функция. ТРЖ бұл типі пайдаланатын рекреациялық ресурстармен танысу
арқылы турист немесе демалушының руxани қажеттіліктерін қанағаттандыра
отырып, оның ой-өрісін кеңейтетін табиғат, тариx және мәдениеттің бірегей
ескерткіштерін қамтитын табиғи және
басқа жасанды нысандардың
болуымен
сипатталады.
Бұдан
басқа
рекреациялық
жүйелердің
урбанизациялау үрдісіне тартылғандығына қарай ТРЖ келесідей типтері бар:
Достарыңызбен бөлісу: