1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет31/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 
 
1.
Туристік индустрияға анықтама беріңдер. 
2.
Туристік индустрияда өз қызметін жүргізіп жатқан негізі 
шаруашылық жүргізуші субьекттерді атаңдар. 
3.
Қазақстан Республикасындағы туристік индустрия дамуының 
ерекшеліктері. 
4.
Дж. Уоккер бойынша туристік индустрияның құрылымын 
сипаттаңдар. 
5.
Туризм саласындағы кәсіпкерлік қызметтің дамуы немен 
сипатталады? 
6.
Қазақстан Республикасындағы туристік индустрия дамуына кері әсер 
ететін қандай жағымсыз факторлар бар ?


9 тақырып. ТУРИЗМДЕГІ ОРНАЛАСТЫРУ ҚҰРАЛДАРЫ 
Мақсаты: 
Туризмдегі орналастыру құралдары туралы зерттеу 
Қарастыратын сұрақтар:
9.1 Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі 
9.2 Қонақ үйлер мен тұру объектілерінің типологиясы 
9.3 Әлемнің түрлі елдеріндегі қонақ үйлерді жіктеу 
9.4 Халықаралық қонақ үй ұйымдары 
 
9.1 Қонақ үй қызметтерінің ерекшелігі 
 
«Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңына сәйкес 
туристік орналастыру орындарына қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, 
туристік орталықтар, демалыс үйлері, пансионаттар мен туристерді 
орналастыру үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыс 
орындарын жатқызамыз. 
Қазіргі кезде орналастыру объектілері қонақ үй индустриясының негізгі 
бөлігі, бұл өз кезегінде туризм саласындағы басқа да кәсіпорындардың 
қызметтерімен салыстырғанда өзіндік айрықша ерекшелігі бар болып 
табылады. Көптеген орналастыру орындарының болуымен байланысты 
әдебиетте олар бір атаумен белгіленеді – қонақ үй кәсібі. Қонақ үй кәсібі деп 
орналастыру, тамақтандыру, қосымша қызметтерді жүзеге асыратын түрлі 
типті қонақ үй кәсіпорындарын айтамыз. Алайда, арнайы емдік – сауықтыру 
мекемелері орналастыру құралдары болғанымен қонақ үй кәсібінің жүйесіне 
жатпайды.
Әйгілі американдық маркетолог Ф. Котлердің ойынша қызмет – ол бір 
тарап екінші тарапқа ұсына алатын кез келген іс – шара немесе пайда, және, 
әдетте, материалдық емес. Қызмет өндірісі материалды түрдегі тауармен 
қатысы болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін. Басқаша айтқанда, қызмет – 
бұл нәтижесінде адамның қандай да бір қажеттіліктерін қанағаттандыратын 
пайдалы еңбек қызметі болып табылады. Қызметтің ерекшелігі оның 
материалдық түрде немесе жұмыс істеу процесі ретінде болуы мүмкін.
Бүгінгі күні қызметтің басты сипаттамасына қатысты:
- материалдық емес. Қызмет - ол әрекеттердің нәтижесі болып 
табылады, оны ұстай алмайсың немесе стандартты үлгілер түрінде 
ұсынылмайды;
- тұтынушыдан қызметтер көрсетудің ажырамассыздығы. Қызмет 
көрсету процесінде тұтынушының өзі тікелей өндірістегі әріптес болып 
табылады; 
- гетерогенділік. Қызметтерді стандарттау қиын, өйткені олардың 
сипаттамаларын тұтынушы анықтайды; 
- сақталмайтындығы. Тауар қоры болмағандықтан қызметті сақтай 
алмайсың; 
- қызметтің меншік құқығының жоқтығы. Тұтынушылар қызметке иелік 
ете алмайды және оны басқара алмайды. 
Бұл сипаттамалар сонымен қатар, қонақ үй қызметіне тән, бұл клиент 


пен қонақ үй персоналы арасындағы уақытша тұру үшін нөмірді (орынды) 
қамтамасыз ету арқылы қонақтарды орналастыру саласындағы ұйымдасқан 
өзара іс-қимылдан басқа ештеңе емес, сондай-ақ уақытша тұру және тұруды 
ұйымдастыруға байланысты басқа да іс-шаралар. 
Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік – құқықтық актілерінде 
қонақ үй қызметтерінің негізгі сипаттамасы ғана емес, сондай-ақ, болудың 
максималды кезеңі де анықталған. Осылайша, Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің 2008 жылғы 21 сәуірдегі № 366 «Астана қаласының аумағында 
жеке және заңды тұлғалардың бөлшек сауда, ойын-сауық, қонақ үй, 
медициналық және басқа қызметтерді ұсыну ережесін бекіту туралы» 
қаулысымен қонақ үй кәсіпорындары қонақтарды тіркеу орнына қарамастан 
қабылдайды және екі айдан аспайтын мерзімге орналастыру мүмкіндігін 
береді. 
Қонақ үй қызметі қонақтарды орналастыру және тұру кезінде 
тұтынушыларға ұсынылатын негізгі және қосымша қызметтерден тұрады, 
атап айтқанда:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет