- қонақ үй қызметіне деген сұраныстың маусымдық сипаты. Қонақ үй
кәсіпорындарының қызметі осы немесе басқа маусымда болатын туристердің
санына байланысты;
- қонақ үй қызметтерінің және саяхат мақсатының өзара байланысы.
Келушілердің белгілі бір орынға бару туралы шешімі әдетте,
осы жерде
белгілі бір қонақ үйдің болу факторына емес, көңіл көтеру, демалу, спортпен
шұғылдану, емдік ванна қабылдау мүмкіндігі және тағы басқа себептермен
қабылданады.
Қонақ үй қызметінің ерекшелігі клиенттерге қызмет көрсетудің
ерекшеліктері мен технологиялары бойынша анықталады. Қонақ үй қызметін
көрсетудің технологиялық процесі мыналарды қамтиды: қонақ үйге кіру
кезінде
қонақты қарсы алу; тіркеу, құжаттарды дайындау және қонақтарды
орналастыру; бөлме қызметі; тамақтандыру
қызметтерін көрсету; мәдени
сұраныстарды,
спорттық,
сауықтыру
және
фитнес
қызметтерін
қанағаттандыру; кетуді ресімдеу, шығарып салу.
Достарыңызбен бөлісу: