1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет35/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 
1. Орналасу объектілерінің типологиясы жіктеңіз. 
2. Әлемнің түрлі елдеріндегі қонақ үйлерді жіктеуді сипаттаңыз. 
3.Халықаралық қонақ үй ұйымдарын атаңыз. 
4. Қазақстан Республикасындағы орналастыру орындарының даму 
динамикасы қандай және ол немен негізделеді? 
6. Қазақстан Республикасында орналастыру орындарының қандай 
түрлері дамыған?
10 тақырып. ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ТАМАҚТАНУДЫ 
ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мақсаты: 
Туризм саласында тамақтануды ұйымдастыру ерекшеліктерін 
білу
 
Қарастырылатын сұрақтар:
10.1 Туристердің тамақтануының технологиялық инфрақұрылымы
10.2 Туризм саласындағы негізгі тамақ кәсіпорындарының сипаттамасы 
10.3 Туризм индустриясы тамақ кәсіпорындарындағы қызмет көрсету 
формалары мен әдістері
 
10.1 Туристердің тамақтануының технологиялық инфрақұрылымы
Тур бойынша саяхат жасайтын саяхатшыларға қызмет көрсету қатарына 
тамақтану жиі кіреді. Қызмет көрсетудің үш негізгі формасын көрсетуге 
болады: турист тарапынан төленетін тамақтану; турпакеттің құрамына 
кірмейтін қосымша қаржыға алынатын тамақтану, өз-өзіне қызмет көрсету. 
Егер тамақтану төленсе, онда тамақтануға жұмсалатын қаржы қонақ үй 
нөмірі немесе турдың құрамына кіретіндігін білдіреді. Ол тек қана таңғы ас 
(континенталды немесе толық), таңғы ас немесе кешкі ас (жартылай пансион) 
немесе үш мезгілдік тамақтану (толық пансион) болуы мүмкін. Кейде 
тамақтану құнына сусындар да кіреді. Егер тамақтану турдың құнына 


кірмесе, онда ол үшін қосымша төлем енгізу қажет. Өз - өзіне қызмет көрсету 
туристердің өзіне өзі тамақ даярлауын (көп жағдайда демалыс орнының 
иегері болған кезде), немесе мейрамхана, кафе немесе басқа да тақтану 
орындарында қарапайым келушілер ретінде тамақтануын білдіреді

.
 
Тамақтану ұйымы жұмысының мақсаты – адамның тамақтану 
саласындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру. Тамақ қабылдау уақыты 
көбінше адамдардың қарым-қатынас жасау, тәрбие беру, көңіл көтеру 
уақыттарымен тұспа тұс келеді.
Тамақтану ұйымының орналасу орны оның құрылысынан бұрын немесе 
ерте салынған ғимараттың реконструкциясынан кейін анықталады. Бағалау 
бойынша мейрамхананың дұрыс орналасуы тауар айналымын 30% дейін 
асыруы мүмкін.
Тамақтану ұйымының негізгі қызметі – тамақты даярлау және іске 
асыру. Қонақтардың көңілін көтеру үшін тамақтану ұйымдары музыкант, 
әртістерді шақырады. Кәсіпорын балансында оның қосымша қызметі 
дамығанын куәландыратын дүкендер, қосалқы шаруашылықтар және 
басқасы болуы мүмкін.
Ұйымның негізгі қызметін атқаруына байланысты әр түрлі бөлімшелер 
болады (цехтар), олардың қызметінің нәтижесі кулинарлық өнімдерден 
байқалады, тауар шығарумен айналыспайтын бөлімшелер (бөлімдер, 
қызметтер), олар ұйымдастыру, басқару және өндіріске қызмет көрсетумен 
айналысады (мысалы, дирекция, қойма, бухгалтерия).
Әр түрлі технологиялық үдерістерді іске асыру үшін мынадай бөлмелер 
қажет:
а) 
шикізатты 
қабылдау 
және 
сақтау 
(қабылдау 
бөлмесі, 
салқындатылмайтын зат қоятын бөлме, салқындатқыш камералар, ыдыс 
жуатын орын);
б) өндірістік (даярлау цехтары (ет, балық, құс, көкөніс), даярлауға 
дейінгі цехтар (ыстық, суық, кондитерлік), қызмет көрсету орны, ас үй 
ыдыстарын жуатын бөлме, буфет және тарату орны (егер қонақтарға 
даяшылар қызмет көрсетсе), өндіріс жетекшісінің бөлмесі);
в) тұтыну үшін (аванзал, тұтынушылар залы, даяшылар бөлмесі
вестюбль, әртіс бөлмесі);
г) қызметтік және тұрмыстық (дирекция бөлмесі, басқарушылар 
бөлмелері, бухгалтерия, гардероб, әжетханалар, хауыздар, қызметкерлер 
хауыздары, киім жуатын бөлме, қызметкерлердің тамақтану бөлмесі);
д) техникалық (ұйымның шеберханасы және басқа да бөлмелері). 
Тамақтану ұйымдарында кәсіби жұмысшылардың үлкен штабы қызмет 
етеді. Ұйымды директор басқарады. Өндіріс басшысы жартылай 
фабрикаттар, кулинарлық өнімдер, тағамдар өндірісін ұйымдастырады. Ол 
технология, санитария, ас үйдің гигиенасын қадағалайды. Оның міндеттеріне 
күнделікті ас мәзірін даярлау, шикізатқа тапсырыс беру кіреді. Әкімшілік 
қонақ залының жұмысын ұйымдастырады. Өндірісте әр түрлі кәсіби 



деңейдегі аспаздар, кондитерлер, буфет қызметкерлері, даяшылар, зал 
жуушылар мен басқа да қызметкерлер жұмыс жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет