- буфеттік қызмет көрсету. Музыкалық сүйемелдеумен
клиенттерге
спирттік сусындар ұсыну. Ережеге сай алкогольді сусындардың даярлануы
қонақтың көзінше іске асады.
Мейрамхананың тиімді жұмысын көрсететін негізгі фактор –
мейрамханаларда ұсынылатын ас мәзірінің типі. Бүгінгі
таңда тамақтануды
ұйымдастыру саласында ас мәзірінің төмендегі түрлері дамыған:
- «а-ля карт» ас мәзірі. Әрбір тамаққа жеке бағасы бар мәзірден тұрады;
- «табльдот» ас мәзірі. Шектелген баға бойынша бірдей тағамдарды
таңдауға мүмкіндік береді;
- du jourас мәзірі. Кезекші тамақтар кіреді;
- туристік ас мәзір. Клиенттер назарын аударту үшін қолданылады. Аз
баға және тағам құнарлылығына
байланысты ұйымдастыралады, ал бұл
туристтер үшін аса тиімді;
- калифорниялық ас мәзірі – калифорниялық мейрамханалардағыдай
тапсырыс беру тәулік бойы іске асатындықтан солай аталған ас мәзірі;
- циклдық ас мәзірі – белгілі бір периодтан кейін қайталанатын ас мәзірі.
Мейрамханалар мен қонақ үйлердегі қызмет
көрсетудің ұйымдастыру
барысында әдетте келесі тамақтану шарттары іске асады:
1) үш реттік тамақтануы бар толық пансион (таңғы ас, түскі ас және
кешкі ас);
2) екі реттік тамақтануы бар жартылай пансион (таңғы ас плюс түскі ас
немесе кешкі ас);
3) таңғы ас қосылатын бір реттік тамақтану.
.
Достарыңызбен бөлісу: