1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет38/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар 
 
1. Туристерді тамақтандырудың ұйымдастырудың қандай ерекшеліктері 
бар? 
2. Тамақтану ұйымдарының классификациясында қандай критерийлер 
қолданылады? 
3. «А-ля карт» мәзірінің негізгі сипаттамаларын атаңыз. 
4. «Табльдот» ас мәзіріне мысалдар келтіріңіздер. 
5. Қазақстан Республикасындағы тамақтану ұйымдарының даму 
динамикасы қандай және ол немен негізделеді? 
11 тақырып. ТУРИЗМДЕГІ КӨЛІКТІК ҚАМТАМАСЫЗДАНДЫРУ
Мақсаты: Т
уризмдегі көліктік қамтамасыздандыруды білу 
Қарастырылатын сұрақтар: 
 
11.1 Туристік қызметте пайдаланылатын көлік құралдардың 


классификациясы
11.2 Туризмдегі автокөліктік құралдар
11.3 Туризмдегі темір жол көлігінің рөлі 
11.4 Туризмдегі әуе көлігі 
11.5 Теңіз саяхаты 
 
11.1 Туристік қызметте пайдаланылатын көлік құралдардың 
классификациясы
Көлік – әр ел экономикасының маңызды салаларының бірі. Доңғалақтың 
пайда болуы адамзат өркениетінің тарихында революциялық рөл атқарды. 
Өркениеттің дамуымен қатар, жер үсті және су көлігі (өзен бойымен, кейін 
теңіз көлігі) сияқты бірінші көлік түрлері пайда болды. XIX ғасырда 
теміржол көлігі, ал XX ғасырда автомобиль және әуе көлігі пайда болды, ал 
кейін құбыр желісі. Яғни, қазіргі уақытта жер бетінде көліктің алты түрі бар: 
автомобиль, теміржол, теңіз, өзен, әуе және құбыр жүйесі. Бірінші бес көлік 
түрі ұйымдастырылған туризмнің адамзаттың жеке қызметінің саласы 
ретінде пайда болуымен байланысты.
Қазіргі кезде туристік қызметті ұйымдастыру турдың көліксіз 
қамтамасыздандыруынсыз мүлде жүзеге аспайды. Осыған орай, туризмде 
қолданылатын көлік құралдары класификациясының әртүрлі жүйелері бар.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның көлік құралдарының халықаралық 
классификациясы ең кең таралған. Халықаралық классификацияда көлік 
құралдары ретінде келуші немесе туристік өзінің тұрғылықты жерінен басқа 
жерге

баруы үшін қолданылатын жолын білдіреді.
Осы классификация бойынша, туризм үшін көлік планетаның табиғи 
ортасын пайдалануы негізінде бөлінеді: 
- әуе көлігі: 
а) кестесі бойынша жүретін рейстер; 
б) жоспарланбаған рейстер; 
в) басқа әуе тасымалы. 
- су көлігі: 
а) жолаушылар желілері мен паромдар; 
б) круиздер; 
в) басқа да су тасымалы; 
г) басқа су көлігі. 
- жер үсті көлігі: 
а) темір жол көлігі; 
б) қалааралық және қалалық автобустар, басқа қоғамдық көлік 
құралдары; 
в) кесте бойынша жұмыс істейтін тұрақты көлік немесе көлік; 
г) кестеге сәйкес келмейтін туристік немесе тұрақты көлік; 
д) жеке автокөлік құралдары; 

Туризм статистикасы бойынша халықаралық ұсынымдар, 2008 / Әдістемелік 
зерттеулер. М сериясы - № 83/1. - Мадрид және Нью-Йорк. - 2010 ж. - 167 б.


е) көлік құралдарын жалға беру; 
ж) жер үсті көлігінің басқа да құралдары. 
Көлік қызметтерінің жалпы құрылымының негізгі бөлігі әуе көлікке 
жатады. Көптеген туристер, әсіресе алыс қашықтыққа шығатын адамдар, 
авиациялық қызметтерді пайдаланады. Бұл жағдайда ұшақтар, басқаша 
айтқанда, жеке тұлғалардың тасымалы деп аталуы мүмкін. Курорттық, 
іскерлік, ойын-сауық, когнитивті мақсаттармен саяхаттайтын туристердің ең 
үлкен ағындары жеке туристер болып табылады және олар көбінесе әуе 
көлігін пайдаланады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет