Инициативті туроператорлар – бұл туристтерді шетелдерге немесе басқа
аймақтарға қабылдаушы операторлармен
немесе тікелей туристік
кәсіпорынмен келісімшарт бойынша жіберетін операторлар. Олардың
өзгелердің турларымен сатумен айналысатын туристік агенттіктерден
айырмашылығы туристік өнімді жинақтаумен айналысатындығында, ол
кемінде үш қызмет түрінен тұрады: орналастыру, тасымалдау және алғашқы
екеуінен өзге кез-келген қызмет түрі. Классикалық инициативті туроператор
күрделі маршруттық
турларды қалыптастырып, саяхатқа барып келу жолын
ұйымдастырып, көлікпен қамтамасыз етеді. Мұндай туроператорларға
сыртқы туроператорлармен қатар, ел ішіндегі
басқа аймақтарға жіберумен
айналысатын ішкі туроператорлар да жатады.
Рецептивті туроператорлар – бұл қабылдау туроператорлары, яғни
турлар мен қызмет көрсету бағдарламаларын қабылдау орны мен қызмет
көрсету орындарында жинақтап, қызмет көрсетуші орындармен (қонақ
үйлер,
тамақтану орындары, ойын-сауық орталықтары, т.б) тікелей
келісімшартқа отырады. Оған қабылдау туроператорларымен қатар,
жергілікті азаматтарға қызмет көрсетуші ішкі туроператорлар да жатады.
Турагент пен туроператордың ең басты міндеті –
туристік нарықта
тұрақты деңгейді ұстап тұрып, қалыпты пайда табу. Туристік нарықтың
жіктелуі негізінде өзіндік дербес тұтынушылар сегментін табуы міндет.
Туроператор мен турагенттің негізгі айырмашылықтарынан келесілерді
атап өтуге болады:
1. Пайда табу жүйесі. Туроператор біршама туристік өнімді сатып алады
да, оның табысы сату мен сатып алу бағасының арасында қалыптасады.
Көбінесе, туроператор
жеке қызметтерді сатып алып, өздерінің бағалау
жүйесі бойынша кешенді туристік өнімді қалыптастырып жатады. Ал
турагент жеке сатушы секілді әрекет етеді, яғни оның табысы өзгенің
туристік өнімін сатудан түседі; турагент туристік өнімді (жеке
қызметтер,
авиабилеттер, қонақ үйлердегі орындар) туроператор немесе қызметті
өндірушілер ұсынған нақты бағамен жұмыс істейді.
Сурет 8.7 – Турагент пен туроператордыңтуристік
нарықтағы орны
2. Туристік өнімнің қажеттілігіне байланысты. Туроператордың әрдайым
сатуға арналған артық өнімі болса, ал турагент клиент қызығушылық
білдірген белгілі бір өнімді ғана сұрату мүмкіншілігіне ие.
Достарыңызбен бөлісу: