1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


 Туристік нарық дифференциациясы мен оның даму



Pdf көрінісі
бет49/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

 
13.3 Туристік нарық дифференциациясы мен оның даму 
факторлары
Атап өткендей, туристік қызмет нарығы мемлекет экономикасының 
маңызды элементтерінің бірі болып табылады және туристік қызметті 
айырбастау және сату бойынша өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы 
экономикалық қатынастар саласын көрсетеді.
Туристік қатынастар дамуы мен туристік қызметтерді қолдану үрдісінің 
ерекшеліктеріне орай, нарықты бірнеше критерийлер (дифференциациялау – 
жеке бөліктерге бөлу) бойынша дифференциациялауға болады. ДТҰ 
ұсыныстарына орай, туристік нарықтарды келесідей бөлуге болады: 
1.
Сапар мақсатына байланысты: 
- рекреациялық туризм нарығы; 
- іскерлік туризм нарығы; 
- танымдық туризм нарығы; 
- емдік туризм нарығы және т.б. 
2. туристік өнімді қолданудың сандық сипаты тұрғысынан: 
- көпшілік; - танымал; - жеке. 
3. Арнайы ауданға (аймаққа) қатысты: 
- ішкі туризм нарығы, аудан тұрғындарының осы аудан бойынша 
саяхатын кірістіреді; 
- кіру туризм нарығы, аудан тұрғындары болып табылмайтын 
тұлғалардың аудан бойынша саяхатын кірістіреді;
- шығу туризм нарығы, бір аудан тұрғындарының басқа ауданға 
саяхатын кірістіреді. 
4. Сапарды ұйымдастыру сипатына байланысты: 
- ұйымдастырылған нарық; 
- ұйымдастырылмаған нарық. 
5. Қозғалыс әдісіне байланысты нарықты келесідей ажыратамыз: 
- жаяу туризм; - теміржол туризмі; - авиациялық туризм
- теңіз және өзен туризмі; - автомобиль туризмі. 
6. Маркетингтік қызметтің ерекшеліктері мен мазмұнына байланысты 
келесілерді ерекшелеуге болады: 
- мақсатты нарық, онда кәсіпорын өзінің мақсаттарын жүзеге асырады 
немесе жүзеге асыруды ойластырады;
- негізгі нарық, кәсіпорынның қызметтерінің негізгі бөлігі жүзеге 
асырылады; 
- қосымша нарық, қызметтердің 
кейбіреуінің көлемін сатуды 
қамтамасыз етеді;
- өсуші нарық, сату көлемі мен басқаларын арттырудың нақты 
мүмкіндіктеріне ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет