негізінде мемлекеттің жеке субъектілері деңгейінде жүргізіледі, сондықтан,
туристік саясат- әлеуметтік-экономикалық кешеннің нақты мақсаттарын
сақтау мен дамыту үшін туристік қызмет нарығының қызметіне мемлекеттің
әсер
етуінің формаларының, әдістерінің және бағыттарының жиынтығы
ретінде қарастырылуы мүмкін.
Мемлекеттік туристік саясатты жүзеге асыру үрдісі және жауапты
органдар, елдің заңнамасына сәйкес анықталады. Қазіргі уақытта берілген
саясатты жүзеге асырудың үш моделін ерекшелеп көрсетуге болады:
-
маманданған министрліктерді (Италия), агенттіктерді (Корея) және
басқарламаларды (АҚШ) құру. Мысалы, АҚШта туристік саясат 1961 жылы
құрылған саяхаттар және туризм сұрақтары
бойынша Басқарма арқылы
жүзеге асырылады. Туризм саласының дамуын мемлекеттік реттеудің жанама
әдістері сауда-ақша тетіктеріне сүйенеді, туристік қызмет нарығында «ойын
ережесін»
және
шаруашылық
субъектілердің
экономикалық
қызығушылығына әсерін анықтайды, оларға келесілерді жатқызуға болады:
салық салу, салық салу деңгейі мен жеңіл салық жүйесінің деңгейі;
бағаларды, олардың деңгейі мен арақатынасын реттеу; табиғи-рекреациялық
объектілерді қолдану бойынша төлемдер, несие және жеңіл несиелер
бойынша
пайыздық ставка; кедендік және визалық реттеу, валюталық
курстар және валютаны айырбастау жағдайлары т.б.
Достарыңызбен бөлісу: