1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


 Қазақстан Республикасының туризм саласын мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет53/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

14.4 Қазақстан Республикасының туризм саласын мемлекеттік 
реттеу
Қазақстандық туристік саясат туристік индустрияны мақсатты тұрақты 
дамытуға жету үшін туристік қызмет нарығын дамытуды мемлекеттік реттеу 
мен қолдаудың формалар, әдістері мен құралдарының біріккен жиынтығы 
ретінде қарастырылады. Қазақстан Республикасының негізгі бағыттары 
ретінде келесілерді атауға болады: туристік өнімді тұтынатын туристер мен 
тұлғалардың құқықтарын қорғау; отандық туристік өнімді өндірушілерді 
қолдау мен қорғау; ішкі және сыртқы туризмді халықаралық мемлекеттік 
қолдау үшін жағдайлар жасау. 
Қазақстанда туристік саясатты жүзеге асырудың негізгі механизмдері 
ретінде келесілер қолданылады: туристік саясат стратегиясы мен тактикасын 
және туристік индустрияны дамытудың негізгі бағыттарын әзірлеу; туризм 
саласын дамыту бойынша мақсатты бағдарламаларды дайындау және жүзеге 
асыру; туристік қызмет нарығын тиімді дамытуға жету үшін нақты 
шараларды әзірлеу; туристік кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу. 
Кез келген ел өзінің туристік саласын дамытуға қызығушылық 
танытады, тұрақты дамуға жағдай жасауға тырысады, яғни, шаруашылық 
субъектілер тиімді қызмет атқарып және туристердің ағыны үзілмеуі үшін, 
әсіресе, туризммен айналысатын тұлғалардың қызметін қадағалайды. Бұл 
мемлекетке туризмді дамытудан экономикалық пайда (негізінен бюджетке 
салық аударымдарының түсімдері ретінде), және әлеуметтік (қосымша 
жұмыс орындарын құру, халықты сауықтыру, мәдени көрікті орындарды 
сақтау және т.б.) пайда алуға мүмкіндік береді.


Қазақстанның туристік имиджін құру бойынша біршама шаралар 
жасалуда және ұлттық туристік өнімді әлемдік нарықта жылжыту бойынша 
жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта Қазақстан жыл сайын Италияда, 
Германияда, Испанияда, Ұлыбританияда, ҚХР, Кореяда, Жапонияда өткен ірі 
халықаралық көрмелерге белсене қатысты және CNN, BBC, Eвроньюс және 
Дискавери сияқты әлемнің ірі телеарналарына жарнамалық видеороликтерді 
орналастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет