1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


 Қазақстанның туризм саласын кластерлік әдіс негізінде дамыту



Pdf көрінісі
бет54/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

14.5 Қазақстанның туризм саласын кластерлік әдіс негізінде дамыту
Қазіргі уақытта кластерлік бастамалар әлем бойынша индустриалды
аймақтық және инновациялық саясаттың маңызды бөлігі болып табылады. 
Бүгінде, ол тек экономикасы жоғары дамыған елдерде ғана емес, ауыспалы 
және дамушы экономикасы бар елдерде де әдеттегі құбылыс болып 
табылады. Кластерлік бастамалар кластерлердің өсуін күшейту үшін 
ұйымдасқан әрекет пен бәсекелестікті арттыруды көрсетеді, кластерге 
компаниялар, үкімет және ғылыми ұйымдар кіреді, осы негіздегі тәжірибелер 
әлем бойынша жүргізіледі. Кейбір елдер мен аймақтарда тәжірибелер 1980-
ші және 1990-шы жылдары жүргізіле бастаса, кейбіреулерінде оларды 
жүргізу енді ғана қолға алынды.
Республикада туризм саласын дамытуды ынталандырудың бір бағыты 
ретінде кластерлік әдісті жүзеге асыруды алуға болады. Өз кезінде ҚР спорт 
және дене шынықтыру ісі бойынша Агенттігі (2012 жылдан қайта 
ұйымдастырылды және барлық өкілеттілігі Қазақстан Республикасының 
инвестиция және даму Министрлігінің туризм Индустриясы Департаментіне
берілді) туристік кластерді кезең – кезеңімен құру мен дамытуды анықтады, 
сол сияқты оларды қалыптастыру бойынша мастер-жоспарын бекітті.
Кластер негізін құраушы ретінде, туристік қызметтерді ұсынатын 
маманданған 
шаруашылық 
субъектілері 
алынады, 
соның 
ішінде, 
туроператорлар, турагенттіктер, орналастыру орындары және т.б. алынады. 
Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму Министрлігінің 
Туризм Индустриясының Департаментінің мәліметтері бойынша, барлық іс-
шараларды жүзеге асыру арқылы 2020 жылы кіру туризмінің деңгейін 41,7% 
арттыруға мүмкіндік береді, онда негізінен ТМД, Еуропалық одақ және Азия 
(Қытай, Жапония) елдерінің туристері басымдылықта болады.
Сонымен 
қатар, 
ҚР 
Президентінің 
«Әлеуметтік-экономикалық 
модернизация- Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына 
Жолдауына орай және туристік кластерлерді дамытуды ынталандыру үшін 
экономиканы индустриалды-экономикалық дамыту шеңберінде келесідей іс-
шаралар жүзеге асырылуда: 
- туристік өнімнің сапасын айтарлықтай арттыру мен ішкі және сыртқы 
туристік нарықта орнын бекіту үшін біршама жаңа жобаларды 
қалыптастыру; 
- туризм саласын дамытуға жағымды инвестициялық климатты құру мен 
отандық және шет елдік инвестицияны тарту; 
- туристік маманданудың ерекшелігін ескере отырып, ауылдық 


территориялардың және коммуналды инфрақұрылымның тұрақты дамуы; 

ауыл халқының әлеуметтік 
–экономикалық қажеттіліктерін 
қанағаттандыру 
үшін, 
агротуризм 
саласында 
қажеттіліктерді 
қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, ауылдағы экономикалық қызметтің 
барлық түрлерін дамытуды ынталандыру; 
- табиғи және мәдени ландшафтты сақтау, табиғи орта мен тарихи –
мәдени құнды ескерткіштерге шамадан тыс антропогенді жүктеменің алдын 
– алатын қатаң механизмдерін қалыптастыру;
- республиканың курорттық-рекреациялық индустриясының дамуын 
заңнамалық қамтамасыз ету және көмек көрсету. 
Визалық 
режимді 
жеңілдету 
(48 
мемлекет 
–Экономикалық 
ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріжәне 14 экономикалық және саяси 
тұрақты мемлекеттер), 72-сағаттық транзиттік визаны ендіру бойынша 
жұмыстар жалғасын табуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет