1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет47/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар
1. «Экскурсия» сөзіне анықтама беріңіз.
2. Экскурсия жаяу жүруден немен ерекшеленеді?
3. Экскурсиялық істің міндеттері мен қызметін атаңыз.
4. Экскурсиялық қызметтің негізгі даму кезеңдері қандай?
5. Экскурсия жүргізудің әдістері қандай?
6. Экскурсия негізгі түрлерін атаңыз.


13 тақырып. ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ НАРЫҒЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, 
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ 
Мақсаты: 
Туристік қызмет нарығының түсінігі, ерекшеліктері мен 
құрылымын қарастыру 
Қарастырылатын сұрақтар:
13.1 Туристік қызмет нарығы экономикалық категория ретінде: мәні 
және сипаттамасы
13.2 Туристік қызмет нарығының институционалды құрылымы
13.3 Туристік нарық дифференциациясы мен оның даму факторлары
13.4 Қазақстанның туристік нарығының даму ерекшеліктері
13.1 Туристік қызмет нарығы экономикалық категория ретінде: 
мәні және сипаттамасы
Қазіргі жағдайда «нарық» түсінігі күнделікті адам өміріне етене енуде, 
оның элементтері шаруашылық субъектілердің арасындағы экономикалық 
қатынастардың дамуының негізін құрайды. Көптеген ғылыми зерттеулер 
нарықты негізгі зерттеу құралы (предмет) ретінде қарастырады. Нарықтың 
неғұрлым кең тараған анықтамаларының бірі «нарық-шаруашылық 
субъектілердің экономикалық өзарақатынасының саласы», деп ұсынылады. 
Неғұрлым көп тараған нарық анықтамасы: «өндірілген өнімдерді сатып алу-
сату 
бойынша 
шаруашылық 
субъектілердің 
экономикалық 
өзарабайланысының саласы және өзіне тән ерекшеліктері мен өзін реттеуші 
механизмдердің болуы», - деуге болады.
Нарықты түрлі аспектілермен сипаттайтын көптеген анықтамалар бар. 
Кейбір ғалымдар нарықты «тауар өндірісі мен оның айналым заңы бойынша 
ұйымдастырылған айырбас, тауарлық айырбас қатынастарының жиынтығы», 

деп қарастырады

. Басқалары нарықты «сатып алушылар мен 
сатушылардың өзараәрекетінің механизмі, басқа сөзбен сұраныс пен 
ұсыныстың қатынасы» түрінде қарастырады.
Сонымен, нарықты тауар айналымының жиынтығы ретінде немесе тауар 
өндірісі мен оның айналымының заңдары негізінде ұйымдастырылған
айырбас деп түсінеді. Ф.Котлердің кітабында нарық тауардың потенциалды 
тұтынушыларының жиынтығы ретінде сипатталады

.
К.Р. Макконел мен С. 
Брю «Экономикс» кітабында нарықты қандай да бір тауар немесе қызметті 
сатушылар мен сатып алушылардың басын қосатын күрделі механизм 
ретінде көрсетеді.

Қазіргі уақытта туристік қызмет нарығы түсінігінің мәнін ашуға 
көптеген еңбектер арналған, авторлар нарықтың берілген түрін оның жеке 

Матюхина Ю.А. Организация туристской индустрии: учебное пособие / 
Ю.А. Матюхина . – М.: ИНФРА-М, 2011 г.

Котлер Ф. Маркетинг: краткий курс / М.: Изд-во Вильямс, 2007 г. 

Макконел К.Р., Брю С. Экономикс: принципы, проблемы и политика / Т.1.: 
Пер. с анг., М.: Республика, 1995 г. 


ерекшеліктерін сипаттай отырып, түрлі жағынан қарастырады.
Бухтоярова И. атап өткендей «... туристік қызмет нарығы- мемлекеттің 
экономикалық жүйесінде біршама міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: 
ассортименттік құрылымда туристік өнімдерді өндіру мен қолдануды 
келіседі, көлемі мен құрылымы бойынша сұраныс пен ұсыныс балансын 
сақтайды».

Берілген міндетті, туристік қызмет нарығы келесідей шешеді: тур 
өнімдерді сатып алу-сату арқылы тәуелсіз туристік операторлар, агенттіктер 
мен туристердің үлкен саны арасында байланыс орнатады; тур өнімдерді 
айырбастау үшін соған пара-пар құндылық эквиваленттерін орнатады; тур 
өнімдердің тиімді өндірісін ынталандыру және өндірушілерді неғұрлым аз 
шығын жұмсау арқылы қажетті тур өнімдерді құру үшін итермеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет