Қазақстан республикасы 45minut kz – 45minut org Ұстаздарға арналған басылым редакциясы жаңА ҒАСЫРДА жаңа білім 45minut. Org топтамасы


Пәндiк  - мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi. 2.  Аналитикалық бақылау -



Pdf көрінісі
бет244/285
Дата28.11.2023
өлшемі9,52 Mb.
#193831
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   285
Байланысты:
toptama kzkz (1)

Пәндiк 
мамандық қызметтерiне байланысты қойылатын проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi.
2. 
Аналитикалық бақылау - 
пәндiк iс-әрекеттерiн талдау мен бақылау проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi
.
3. 
Ұйымдастырушылық – 
оқушылардың өзiндiк iс-әрекеттерiн ұйымдастыруға бағытталған проблемаларды шешу 
қабiлеттiлiгi.
4. 
Коммуникативтiк - 
«Мұғалiм-Оқушы», «Оқушы-Оқушы», «Мұғалiм – Ата- ана» және т.б. жүйелердегi қарым-қатынасты 
проблемаларды шешу қабiлетi.
5. 
Бейiмделген - 
қазiргi жағдайдың өзгерiстерi мен талаптарына сәйкес проблемаларды шешу қабiлеттiлiгi
.
6. 
Ынталық/психологиялық – 
психологиялық, жеке тұлғалық, жекетұлғалар
арасындағы өзара қарама-қайшылықты шешу проблемаларының қабiлеттiлiгi
.
7. 
Жобалық – 
мектептi, мұғалiмдi және оқушыны дамыту жобаларын шешу қабiлеттiлiгi.
8. 
Ғылыми-iзденiстiк – 
мектептiң, мұғалiмнiң және оқушының даму нәтижелерiн зерттеудi ұйымдастыру және оны өткiзу 
проблемаларын шешу қабiлеттiлiгi.
Бiлiктiлiктi көтеру курстарындағы оқыту мазмұны тыңдаушылардың құзырлығын дамытуға бағытталған. Бiлiм беру 
қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн көтеру және қайта даярлауды жетiлдiру курстарына дайындықты ұйымдастыруда оқыту мен 
тәрбиелеудiң субъективтiк әдiстерiне бағытталған. Ал оның мазмұны қолданбалы сипатта құрастырылды. Мұғалiм – 
ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуальды дамуын жобалаушы. Ал бұл мұғалiмнен жоғары 
құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, оқушыларды қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу,
олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi. Мұғалiмнiң бiлiмi бiлiктiлiктi көтеру курстарымен
шектелiп қалмауы керек. Олар үшiн оқыту мен тәрбиелеудiң тұлғалық-бағдарлық мәселелерi, оқушы деңгейiндегi ғылыми
179


жобаларды жасақтап, оны жүзеге асыру әдiстерi, оқушының жеке тұлғасын дамытуға бағытталған жаңа педагогикалық 
технологияларды таңдау тәсiлдерi, мұғалiмнiң кәсiби шеберлiгiн дамытуға бағытталған теориялық және әдiстемелiк
проблемалар, психологиялық-педагогикалық мәселелер курстың негiзгi бөлiмдерi ретiнде қарастырылуы керек.
Бiлiктiлiктi көтеру жүйесiндегi негiзгi келесi мәселелердiң бiрi түрлi салалардағы теория мен практика бойынша 
мұғалiмдердiң инновациялық әдiстер мен тәсiлдердi үйрену болып табылады. Информатиканы оқыту әдiстемесiнде
бiрiктiрiлген барлық әдiстемелiк педагогикалық бiлiмдер мен тәжiрибелер жиынтығынан "Информатика" курсы бөлiнiп 
шығады. Бұл оқу пәнiнiң мазмұнында информатиканы оқыту әдiстемесiнiң жалпы теориялық негiздерi, типтiк техникалық
құралдар жиыны және сонымен бiрге жоғары мектеп курсының нақты тақырыптарын оқыту әдiстемесi қарастырылды.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Қазақстан мектебі, №2,2009ж 
2. Білімдегі жаңалықтар №1,2, 2009ж 
3. «Информатика негіздері» ғылыми әдістемелік журналы
4. Интернет ресурстары
* * * * *


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   240   241   242   243   244   245   246   247   ...   285




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет