2. Жаңа сабақ:. Қысым Қысымның қатты денелер, сұйықтар және газдар арқылы берілуі. Паскаль заңы. Тәжірибе жасап
көрейік. Бұрыштарына төрт шеге қағылған кішілеу тақтайшаны алып, ұштарын жоғары қаратып, құмға орналастырайық.
Тақтайшаның үстіне кір тасын қоялық (81-сурет). Біз шегелердіњ қалпақтарының ќұмѓа болар-болмас енгенін көреміз. Егер
біз тақтайшаны аударып және жүкті қоя отырып құмѓа орналастырсаќ, онда бұл жолы шегелер құмѓа тереңірек енеді (82-
сурет). Екі жағдайда да тақтайшаның салмағы бір, бірақ әсері әр түрлі. Неге бұлай болады? Қысым күшін қысыммен
шатастыруға болмайды.
Қысым бұл бетке тұсірілген күштің сол беттін ауданына қатынасына тең физикалық шама:
Мұндағы:
р — қысым,
F — қысым күші,
S — аудан.
Сонымен, қысымды анықтау үшін қысым қүшін қысым түсірілген беттің ауданына бөлу керек.
Бірдей күш әсер еткенде бетіні ауданы кіші болса қысым көп болады, керісінше беттің ауданы көп болса, қысымы аз болады. Егер
р қысым және
S аудан белгілі болса,
F ќысым күшін табуға болады. Ол
үшін қысымды ауданға көбейтеміз: F =pS. қысым күші (кез-келген күш тәрізді) ньютонмен өлшенеді. қысым болса
паскальмен өлшенеді. 1Па — 1м
2
бет ауданына 1Н
күштің түсірген қысымы:1 Па = 1 Н/м
2
.
Тағы да басқа қысымның бірліктері қолданылады: гектопаскаль (гПа) және килопаскаль (кПа):1 гПа = 100 Па, 1 кПа = 1000
Па.
Бөлме бұрышындағы үстелге кітаптар бумасын ќойсаңыз оның еденге түсіретін қысымын өсіресіз, ал үстелге тиіп тұрған
қабырға оны “байқамайды”. Ал егер поршеннің көмегімен ыдыстағы сұйыќќа немесе газѓа қысым түсірсек, нәтиже мүлдем
26
басқаша болады.емес, барлық тесігінен су шашырайды (95-сурет). Бұл кезде сыртқы тесіктен атқылаған судың қысымы
бірдей болады.