Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет121/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Емдеудің жалпы қағидалары

Аритмия себебін жою

Симптоматикалық ем: 
– жалпы шаралар (седативті ДЗ, оттегі терапиясы, вагусты әдістер) 
– антиаритмиялық ем (антиаритмиялық ДЗ, электроимпульсті 
терапия, катетерлі аблация, кардиохирургиялық араласу) 

Гемодинамика бұзылысы жүрек ырғағына тез түзету жасайтын 
шараларды қажет етеді (жиіленген өңеш арқылы жүрекшелік 


226 
электростимуляция /электроимпульcті терапия) 
Антиаритмиялық ДЗ тағайындауға көрсеткіштер: 

Гемодинамиканың бұзылысымен шақырылған ауыр клиникалық 
симптомдар (тахи- және брадиаритмиялар, жүрек айдауын 
төмендететін, артериалдық қысымды түсіретін және бас 
айналу мен естен тануды шақыртатын жағдайлар); 

Кенеттен пайда болатын өлімнің қаупінің жоғарлауы: 
— қатерлі аритмиялар (мысалы, қарыншалар жыбыр, тұрақты 
қарыншалық тахикардиялардан кейінгі жан сақтау жағдайлары); 
— ықпалды қатерлі аритмиялар (миокардтың ауыр зақымдануы 
мен СҚ систолалық қызметінің төмендеуі кезіндегі қарыншалық 
бұзылыстар мысалы, миокард инфаркты кезінде). 
Жүрекшелер жыбыры (жыбыр аритмиясы) 
Жүрекшелер жыбыры (жыбыр аритмиясы) – жүрекшелердің 
үйлеспеген электрлік белсенділігі мен оның әрі қарай жиырылғыш 
қызметінің 
бұзылысымен 
сипатталатын, 
қарыншаүстілік 
тахиаритмиялардың түрі. 
 
Жыбыр аритмиясының жіктелуі
1. Ұзақтығы бойынша: 
-пароксизмальдық – 7 тәуліктен аз; 
-созылған (персистирлеуші) пароксизм – > 2 және < 7 тәулік; 
-тұрақты түрі – 7 тәуліктен артық 
2. қарыншалардың жиырылу жиілігі бойынша: 
қалыптысистолалық – қарыншалардың жиырылу жиілігі 60-90 
р/мин, 
тахисистолалық – қарыншалардың жиырылу жиілігі 90 р/мин 
жоғары, брадисистолалық – қарыншалардың жиырылу жиілігі 60 
р/мин аз. 
3.Басым вегетативті бақылау: 
-Вагус-тәуелді 
-Симпатикус-тәуелді 
4. Себепшісі бойынша:
-жүректің 
органикалық патологиясы негізінде (артериалдық 
гипертония, ЖИА, кардиомиопатия, жүрек ақауы) 
-бронхөкпелік патология негізінде (өкпелік жүректің дамуы)


227 
-эндокринологиялық 
аурулар 
негізінде 
(тиреотоксикоз, 
феохромоцитома, қант диабеті) 
-Идиопатиялық – 30% жағдайда кездеседі, егерде жүрек-тамыр, 
бронхөкпелік, эндокринді патологиялар болмаған жағдайда. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет