220
Фондапаринукс 2,5 мг тері астына тәулігіне 1 рет, коагулограмма
бақылауынсыз (ST жоғарлауымен ЖКС кезінде тромболизиске
тәуелсіз алғашқы мөлшері т/і енгізу ұсынылады. ST жоғарлауынсыз
ЖКС кезінде бұл препараттың нәтижесі кем емес және
эноксапаринге қарағанда үлкен қан кетуге 2 есе сирек әкеледі
(OASIS–5).
Эноксапаринді тері астына 1 мг/кг әр 12 сағ сайын енгізеді. ST
жоғарлауымен ЖКС бар 75 жасқа дейінгі науқастарда алдын ала
болюсті 30 мг т/і енгізеді және алғышқы екі тері асты мөлшері 100
мг аспау керек. 75 жастан асқан пациенттерге болюсті енгізбейді,
эноксапариннің алғашқы мөлшері 0,75 мг/кг дейін азайтып тері
астына, ал бірінші, екінші тері асты мөлшері 75 мг аспау керек.
Шумақтық сүзілу жылдамдығы < 30 мл/мин/1,73 м
2
эноксапарин
мөлшері 1 мг/кг дейін бір рет азайтылды.
Фондапаринукс немесе эноксапаринның қолға жетімсіз
жағдайында, шумақтық сүзілу жылдамдығы < 20 мл/мин/1,73 м
2
т/і
гепарин инфузиясы көрсетілген.
Гепарин басында 60 бірлік /кг [< 4000 бір], ары қарай 12 бір/кг*сағ
[< 1000 бір/сағ]) 24–48 сағ белсенді бөліктік тромболпластинді
уақытты бақылаумен 3, 6, 12 және 24 сағ соң, көрсеткіштің
алдыңғысынан 1,5-2 есе жоғарлауына (немесе 50-70 с дейін)
жеткенше.
Егер пациент МИ дамығанша варфарин қабылдаған болса, ХҚҚ
қалыпты деңгейінде парентеральдық антикоагулянттарды
тағайындау мақсатқа сай келетіні дәлелденбеген.
Түскеннен 12 сағатқа дейін бақылау кезеңінен соң ауырсынуы
жоқ, қауіпі төмен (мысалы, ≤ 12 балл PERSUIT шкаласы бойынша),
ST сегменттінің ығысу қаупі аз болса, тропонин жоғарылауы
болмаса және басқа да қауіп себептері жоқ пациенттерге
антикоагулянттарды енгізуді тоқатуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: