Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет113/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Емнің нәтижелігін бағалау.
ST сегментінің көтерілуінсіз ЖКС-ның нәтижелі емі миокард 
ишемиясының жоғарлауымен, МИ және өлімді азайтумен көрінеді. 
Қосымша нәтижесі ЖИА ның жаңа көріністерінің болмауы.
 Қателіктер және негізсіз тағайындаулар
Антитромботкалық дәрілік заттарды тағайындауда жиі 
кездесетін қателіктер:

Болжамға оң әсері дәлелденген дәріні 
тағайындаудан бас тарту немесе оларды толық зерттелмеген 
нәтижесіз дәрілерге ауыстыру. 

Фибринолитиикалық дәрілерді енгізу 
(ST сегментімен МИ кезінде тыйым салынады.)

АЖТУ бақылауынсыз фракцияланбаған 
гепаринді т/а немесе т/і болюсті енгізу. 

ацетилсалицил қышқылы мен гепаринды 
қосымша тағайындаған кезде клопидогрел қабылдаудан бас тарту 
керек ( әсірес, қауіп тобы жоғары науқастарда). 
 


210 
МИОКАРД ИНФАРКТЫ
Миокард инфаркты (МИ) — некроздың түзілуіне себепші 
болатын миокардтың ишемиясына алып келетін тәждік қан 
айналымның жедел бұзылуына негізделген ауру.
 
Жіктелуі 
МИ жіктелуі 14 кестеде берілген.
14 - кесте. Миокард инфарктының типтерінің жіктелуі 
(ESC/ACCF/AHA/WHF, 2012) 
Тип 
Сипаттамасы 

Спонтанды МИ - эрозия және/немесе атеросклеротикалық түйіндіктің 
жыртылуы есебінен миокард ишемиясымен негізделетін.

Қанайналым нашарлауы немесе миокардтың оттегіге деген 
қажеттіліктің артуы салдарынан туындаған миокард ишемиясына 
негізделген МИ, мысалы, тәждік артериялардың қысылуы, олардың 
эмболиясы, анемия, аритмия, (АҚ) артериалдық қысымның 
жоғарылауы немесе төмендеуі нәтижесінде.

ST сегменттің болжамды жаңа көтерілуі немесе Гис шоғырының сол 
жақ аяқшасының жаңа блокадасы немесе ангиография және/немесе 
аутопсия кезінде қан сынамасын алғанға дейін немесе қанда жүректік 
биомаркерлердің пайда болуына дейін қайтыс болғанда тәждік 
артерияда енді түзілген тромбоздың белгілерімен жиі түрде қоса 
жүретін кенет жүректік өлім.
4а 
Терілік тәждік кірісумен байланысты МИ (ЧКВ) 
4b 
Стент тромбозымен байланысты МИ 

Тәждік шунттаумен байланысты МИ
Некроз ошағының өлшемдеріне байланысты былай бөледі:

трансмуральдық МИ;

ірі ошақты МИ;

ұсақ ошақты МИ. 
ЭКГ-да пішінделген өзгерістерге тәуелді бөледі:

патологиялық Q тісшелерінің пайда болуымен МИ; 

патологиялық Q тісшелерінің түзілуінсіз МИ. 
Некроз ошағының орналасуына байланысты бөледі:


211 

сол жақ қарыншаның алдыңғы қабырғасының МИ;

сол жақ қарыншаның бүйір қабырғасының МИ;

жүрек ұшының МИ;

сол жақ қарыншаның артқы қабырғасының МИ (артқы, төменгі); 

қарынша аралық перденің МИ;

оң жақ қарыншаның МИ;

жүрекшелердің МИ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет