Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет112/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Ишемияға қарсы терапия 
β-блокаторларды қолдану 
Бета-блокаторларды қарсы көрсеткіштер болмаған кезде, ST 
сегментінің көтерілуінсіз ЖКС бар науқастарға тағайындауға 
ұсынылады. Жоғары қауіп тобы әсіресе, миокардтың ишемиясы 
сақталған науқастарда алғашқы мөлшерді тамыр ішіне енгізген 
дұрыс. ЖЖЖ тыныштықта 50—60/мин деңгейінде сақтап тұру 
қажет.
Қарсы көрсеткіштер: 

ЖЖЖ 50/мин төмен ; 

Систолалық АҚ 90 мм сын. бағ. төмендеуі ; 

Ауыр сол қарыншалық жеткіліксіздік; 

перифериялық гипоперфузия белгілерінің болуы; 

P—Q интервалының ұзақтығы >0,24 с; 

II және III дәрежелі АВ - блокада (қызметтік жасанды ырғақ 
жүргізушісі болмағанда); 

Бронхиалды демікпе немесе өкпенің ауыр созылмалы 
обструктивті ауруы (ӨСОА) сыртартпада бар болса ; 

Аяқтардың айқын ишемиясы. 
Басында т/і, кейін ішке: 
Атенолол т/і 5 мг, жақсы көтерсе, қайталап 5 мин кейін 1—2 сағ 
кейін ішке 50—100 мг, кейін ішке 50—100 мг 1—2 р/тәул, қажет 
болғанда 400 мг/тәул және одан көп, ұзақ
немесе 
Метопролол т/і 5 мг, жақсы көтергенде әр 5 мин сайын жиынтық 
мөлшер 15 мг дейін, 15 мин кейін ішке 50 мг, кейін ішке 50 мг4 
р/тәул 2 тәулік, кейін 100 мг 2 р/тәул, қажет болғанда 300 мг/сут 
және көп, ұзақ
немесе 
Пропранолол т/і 0,5—1 мг, жақсы көтергенде 1—2 сағ кейін ішке 
40—80 мг 4 р/тәул, 2—3 тәул ішке 80 мг 3 р/тәул, қажет болғанда
360—400 мг/тәул және одан көп, ұзақ уақытқа. 
Нитраттар 
Нитраттарды миокард ишемиясын болдырмау мақсатында 
тағайындалады.: 


209 
Нитроглицерин тіл астына немесе аэрозоль (спрей) түрінде 0,3—
0,6 мг 5 мин аралығымен 3 рет
Миокард ишемиясы сақталған жағдайда, қайта пайда болған 
жағдайда немесе белгілері сақталған жағдайда препаратты тамыр 
ішілік береді: 
Нитроглицерин т/і инфузиия түрінде алғашқы жылдамдық 10 
мкг/мин және әр 3—5 мин сайын мөлшерін екі еселейміз 
артериалдық гипотония дамығанға дейін немесе айқын клиникалық 
белгілері азайғанға дейін (әрілік затты 20 мкг/мин енгізгенде 
жауапты реакция байқалмаса мөлшерін әр ретте 10—20 мкг/мин 
дейін көтереміз, артериалдық гипотония байқалған кезде мөлшерін
жайлап көтереміз). 
ЖЖ симптомдары басылғанда және жағымсыз (артериалдық
гипотония, бас ауырсынуы) әсер пайда болған кезде мөлшерде 
жоғарлататуды тоқтатамыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   108   109   110   111   112   113   114   115   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет