Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет115/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Жедел МИ өлшемдері (ESC/ACCF/AHA/WHF, 2012): 

Миокард некрозы биомаркерлері деңгейінің жоғарылауы 
және/немесе төмендеуі (таңдамалы - тропонин), егер бірақ 
көрсеткіштің өзі табалдырықты деңгейден жоғары болса
(референтті деңгейдің 99 перцентилі) және белгілердің кем дегенде 
біреуі көрінсе:
-
миокард ишемиясының клиникалық симптомдары;
- жаңа немесе болжамды жаңа ST–T өзгерістері немесе Гис 
шоғырының сол аяқшасының блокадасы (ГШСАБ); 
- ЭКГ-да патологиялық Q тісшелерінің пайда болуы; 

тірі миокардтың өміршеңдігінен айырылудың жаңа 
көріністерінің 
байқалуы 
немесе 
жергілікті 
жиырылудың 
бұзылысының визуализационды белгілері; 
- ангиография немесе аутопсия кезінде коронарлық тамыр ішілік 
тромб.

Жүректік өлім миокард ишемиясына байланысты симптомдар 
мен ЭКГ-да болжамды жаңа ишемиялық немесе ГШСАБ 
өзгерістерінен болуы мүмкін, егер өлім биомаркерлерге немесе 
биомаркерлер деңгейінің жоғарылауына тест жасалар алдында
болса.

Тері арқылы енуден соң тропонин деңгейі біршама жоғарлады 
(> 5 есе табалдырықты деңгейден) ал, бастапқы кезде 
табалдырықты деңгейден төмен болды немесе тропонин деңгейі 
жоғарлады >20 % бастапқы жоғары деңгейде (тұрақты немесе 
төмендеуші). Қосымша кем дегенде бір белгі бар: миокард 
ишемиясы симптомы, ST–T жаңа ишемиялық өзгерістері, ГШСАБ, 
тірі миокардтың өміршеңдігінен айырылуынан немесе жергілікті 
жиырылудың 
бұзылысының 
визуализационды 
белгілері
ангиография кезіндегі асқыныстар. 

Стент тромбозы миокард инфарктымен байланысты егер 
ангиография немесе аутопсия кезінде миокард ишемиясы 
клиникасымен қатар және жүректік биомаркер деңгейінің 
жоғарылауы/төмендеуімен (егер биомаркер көрсеткіштің кем 
дегенде біреуі табалдырықты деңгейден жоғары болса) қатарласа 
анықталған болса.


215 

Коронарлық шунттаудан соң жүректік тропонин деңгейі 
біршама жоғарлады (>10 есе табалдырықты деңгейден) ал бастапқы 
кезде қалыпты болған (табалдырықты деңгейден төмен). Қосымша 
кем дегенде бір белгі бар: жаңа патологиялық Q немесе ГШСАБ, 
коронарлы артерияның жаңа окклюзиясы немесе шунттың 
ангиографиялық белгілері, тірі миокардтың өміршеңдігінен 
айырылуынан немесе жергілікті жиырылудың бұзылысының
белгілері; 
Бастан өткен МИ өлшемдері (ESC/ACCF/AHA/WHF, 2012): 

ишемиялық емес себептердің жоқ болуына қарамастан, 
симптомдармен немесе симптомдарсыз патологиялық Q тісшелері.

ишемиялық емес себептер жоқ болумен қатар, жұқарған және 
жиырылмайтын тірі миокардтың өміршеңдігінен айырылуының 
визуализационды белгілері (эхокардиография, сцитниграфия).

бастан өткерген МИ патоморфологиялық белгілері.
Емі 
МИ емдеудің негізгі бағыттарына мыналар кіреді:

бұзылған коронарлы қанайналымды қайта қалпына келтіру және 
зақымдалған коронарлық артерияның өткізгіштігін сақтау; 

зақымдалу ошағының ауқымын шектеу; 

өмірге қаупі бар асқыныстардың алдын алу және емдеу. 
 
Ем мақсаты – ауырсынуды басу және миокардқа шамадан тыс 
жүктеме түсу себептерін жою (ЖЖЖ 50-60 мин дейін төмендету, 
АҚ қалыпқа дейін түсіру, өкпеде іркілу белгілерін жою), сонымен 
қатар өлім және асқыныстар қаупін төмендету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет