Емі
Емнің мақсаты:
1.ЖА пароксизмалдық түрінде синусты ырғақты сақтау.
2.ЖА тұрақты түрінде ЖЖЖ бақылау, декомпенсацияның
адын-алу.
3.Тромбоэмболиялық асқыныстардың адын-алу.
Қарыншалар ырғағының жиілігін бақылау
АВ түйінге өткізгіштікті тежейтін ДЗ қолданылады —
дигоксин, бета-блокаторлар, кальций антагонистері (дилтиазем,
верапамил). Олардың арасында таңдауды әсер ерекшеліктеріне
қарай жүргізілу керек.
Дигоксин
холиномиметикалық әсеріне байланысты сирек әсерді
туғызады сондықтанда ЖЖЖ тек тыныштық жағдайда реттейді.
Соған байланысты дигоксинді тек қана қарт, аз қозғалатын,
соматикалық ауыр науқастарда қолданады.
Дигоксин ішке немесе т/і 0,25—0,5 мг бір рет, сосын 0,25 мг-нан әр
6 сағат жалпы мөлшері 1,0—1,5 мг жеткенше.
Одан кейін ұстап тұрушы мөлшерге ауысады:
229
Дигоксин ішке 0,125—0,375 мг 1 р/тәул,ұзақ, ЭКГ бақылауымен.
Бета-блокаторлар
ЖЖЖ тыныштық жағдайында да,
физикалық белсенділік жағдайында бақылауға мүмкіндік береді:
Атенолол ішке 25—100 мг 1—2 р/ тәул, ұзақ
немесе
Бисопролол ішке 2,5—10 мг 1 р/ тәул, ұзақ
немесе
Метопролол ішке по 50—100 мг 2 р/ тәул, ұзақ
немесе
Пиндолол ішке 5—30 мг 2 р/ тәул, ұзақ
немесе
Пропранолол ішке 10—40 мг 2—4 р/ тәул, ұзақ
немесе
Тимолол ішке 10—30 мг 2 р/тәул, ұзақ.
Бета-блокаторларды дигоксинмен біріктіруі жоғары әсерлі
болады.
Кальций антагонистері осы ДЗ арасында аралық орын алады:
Верапамил т/і баяу 2,5—10,0 мг 10 мин ішінде бір рет (ЖЖЖ тез
азайту керек болғанда)
немесе
Верапамил ішке 40—80 мг 3—4 р/тәул, ұзақ
немесе
Дилтиазем ішке 60—180 мг 2 р/тәул, ұзақ.
Верапамил мен дилтиаземнің мөлшерін таңдап тағайындағанда,
оның айқын теріс инотропты әсер етуін ескеру қажет, ол әсіресе
миокардтың жиырылғыштығы әлсіз науқастарға маңызды. Есте
сақтайтын жағдай, WPW синдромы бар науқастрада ЖА-сында
қарсы көрсеткіш верапамил мен дигоксинді тағайындау себебі, олар
жүрекшелерден қарыншаларға импульстердің өтуін жақсартып,
қарыншалық жиырылуды жиілетіп, қарыншалр фибрилляциясына
дейін алып келуі мүмкін.
230
Достарыңызбен бөлісу: |