244
Диагностикалық өлшемдері
ЖЖ
диагнозы, әсіресе ерте кезеңдерде қиындық туғызуы
мүмкін. ЖЖ көптеген симптомдары (19 кесте) арнайы емес және
ЖЖ басқа аурулардан ажыратуға мүмкіндік бермейді. Арнайылау
сипмтомдары, әсіресе аздаған клиникалық көріністері бар
науқастарда (ортопноэ және түнгі пароксизмальдық ентігу сияқты)
сирек кездеседі.
19 - кесте. Жүрек жеткіліксіздігінің симптомдары мен белгілері
[Жедел және созылмалы жүрек жеткіліксіздігінің диагностикасы
мен емі бойынша КЕҚ – ның ұсыныстары 2012]
Симптомдары
Көріністері
Қарапайым
Арнайылау
Ентігу
Мойындырық
веналарындағы
жоғары
қысым
Ортопноэ
Гепато-югулярлық
рефлюкс
Пароксизмальды түнгі ентігу
Шоқырақ ырғағы
Жүктемеге
төзімділіктің
төмендеуі
Жүрек ұшы түрткісінің латеральды ығысуы
Шаршағыштық,
физикалық
жүктемеге
төзімділіктің
төмендеуі
Жүрек шуылы
Тобықтың ісінуі
Аздаған типтік
Аздаған спецификалық
Түнгі жөтел
Перифериялық ісінулер
Сықырлаған дем алу
Өкпелік крепитация
Дене салмағының қосылуы (>2
кг аптасына)
Ауаның азайып түсуі және перкуссиядағы
тұйықталуы (плевралық ойық)
Салмақ
жоғалту
(жүрек
жеткіліксіздігінің ауыр түрінде)
Тахикардия
Үрілгендей сезім
Ырғақсыз
пульс
Тәбеттің жоғалуы
Тыныстың жиілеуі (>16 дем алу мен дем
шығару/мин)
Ойлаудың шатасуы (әдетте егде
жаста)
Гепатомегалия
Депрессия
Асцит
Қатты жүрек қағуы
Жалпы атрофия (кахексия)
Естен тану
245
Физикалды зерттеу:
Сол және оң қарыншалардың дилатация белгілері:
Перкуссияда жүректің сол және оң жақ салыстырмалы
тұйықталу шекарасының кеңеюі, аускультацияда – жүрек
ұшында
және семсер тәрізді өсіндінің астында (митралдық және
үшжармалы қақпақша клапандары проекциясында салыстырмалы
жеткіліксіздігі даму есебінен) систолалық, систоло - диастолалық
шу, шоқырық ырғағы, тахикардия (>90-100соққы /мин) байқалады.
Кіші қанайналым шеңбері бойынша қанайналым жеткіліксіздігі
белгілері (өкпелік гипертензия белгілері): төстен оң жақта 2 тон
акценті, екі жақтан өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды ұсақ
көпіршікті сырылдар естіледі.
Үлкен
қанайналым
шеңбері
бойынша
қанайналым
жеткіліксіздігі белгілері:
ісінген мойындырық веналары, бауырдың
ұлғаюы - пальпация және перкуссияда төменгі шеті қабырға
доғасынан шығып тұрады; асцит белгілері; аяқтардың ісінуі.
Зертханалық зерттеулер:
Милық натрийуретикалық пептид (МНП) – жүрек ауруларында
немесе кез келген камералардың біреуінің кеңеюінде (соның ішінде
жүрекшелер
фибрилляциясында,
өкпе
артерияларының
тромбоэмболиясында және кейбір
кардиогенді емес жағдайларда,
бүйректік жеткіліксіздікте) өте көп мөлшерде өндіріледі.
Стандартты биохимиялық (натрий, калий, креатинин/шумақтық
фильтрация
жылдамдығы
(ШФЖ))
және
гематологиялық
зерттеулерге (гемоглобин, гематокрит, темір, лейкоциттер мен
тромбоциттер) қоса, тиреотропты гормонды (ТТГ) анықтау керек,
себебі қалқанша безінің аурулары ЖЖ белгілерін көрсетіп немесе
күшейтуі түмкін. Қандағы
глюкозаның да маңызы бар, өйткені
диагностикаланбаған ҚД жиі ЖЖ – не қосарланып жүреді,
сонымен бірге бауыр ферменттері жоғарылауы мүмкін.
Аспаптық зерттеулер:
ЭКГ, рентген, Эхокардиография және доплер-ЭхоКГ
Эхокардиография және электрокардиограмма (ЭКГ) ЖЖ
диагнозына күдік туған науқастарда ең маңызды тесттер болып
саналады. Эхокардиография жүрек камераларының көлемі,
қарыншалардың
систолалық
және
диастолалық
қызметі,
246
қабырғалардың қалыңдығы және қақпақшалардың қызмет етуі
жайлы ақпараттармен қамтамасыз етеді.
Басқа диагностикалық
тесттер қажет болады, егер диагноз анық емес болса (мысалы,
эхокардиографиялық суреттер қанағаттанарлықтай сапада болмаса
немесе ерекше жағдайларда немесе ЖЖ – нің жүректен тыс
себептерінде) немесе егер негізгі аурудың одан кейінгі бағалануы
көрсетілуі (мысалы, перфузионды әдістер немесе ЖИА-ға күдік
туатын болса ангиография немесе миокардтың кейбір ауруларында
эндомиокардиальды биопсия) қажет.
Жүктемелік тесттер
Жүктемелік тесттер функционалдық қабілеттілікті және ентігу
мен шаршағыштық сияқты анықталған симптомдарды объективті
бағалауға мүмкіндік береді. 6-минуттық жүрумен
тест және
тредмил мен велоэргометрияның біршама хаттамалары қолдануға
қол жетімді.
6 минут бойы жүру тесті : NYHA бойынша СЖЖ ФК
0 – 6 минутта 551 м көп
1 – 426-550 м
3 – 151-300 м
2 – 301-425 м
4 - 151м аз
ЖЖ мен СҚ дисфункциясының диагностика алгоритмі 8
суретте көрсетілген.
247
8-сурет. ЖЖ – не күдік туған науқастарға арналған диагностикалық
кесте [Еуропалық кардиологтар қоғамының жедел және созылмалы жүрек
жеткіліксіздігінің диагностикасы мен ұсыныстары бойынша 2012]
Достарыңызбен бөлісу: