Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет127/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
 
Емі 
Емнің мақсаты:
1.Медикаментозды 
терапия, 
қарыншалық 
тахикардия 
пароксизмін тоқтатуға, қайталамалы ұстамаларды болдырмау 
немесе сирек қылдыруға бағытталған.
2. Жүрекішілік электрофизиологиялық жүректің зерттеуі,
аритмогенді ошақтың радиобөліктік аблациясы қолданылады.
3.Антиаритмиялық 
заттардың 
әсерсіздігінде 
және 
тахиаритмияның ошағын катетерлі алып тастағаннан әсер 
болмағанда, кардиовертер-дефибриллятор имплантациясы қажет 
немесе кенеттен болатын біріншілік және екіншілік жүрек өлімінің 
алдын-алу үшін кардиоверсиялы дефибрилляция қызметі бар 
ресинхронизирлеуші терапияның құрылғысы орнатылады.
Медикаментозды терапия 
Гемодинамикалық бұзылыстар болмаған жағдайда мынандай 
медикаментозды терапияны қолдануға болады.
Антиаритмиялық дәрілердің IA, IC және II- III кластарын 
қолданады: 
Аймалин к/т 25—50 мг бір рет (ЭКГ бақылауымен)
немесе 
Лидокаин к/т 1—1,5 мг/кг (жалпы мөлшерсын 3 мг/кг болғанға 
дейін әр 5 мин сайын қайталуға болады) бір рет (ЭКГ 
бақылауымен)
немесе 


235 
Прокаинамид к/т 20—30 мг/мин жалпы мөлшері 17 мг/кг дейін бір 
рет (ЭКГ бақылауымен)
немесе 
Бретилия тозилат к/т 5—10 мг/кг 8—10 мин ішінде (барынша 
жоғары мөлшері 30 мг/кг/тәу) бір рет (ЭКГ бақылауымен)
немесе 
Амиодарон к/т 5 мг/кг 15 мин ішіндебір рет (ЭКГ бақылауымен) 
немесе 
Соталол к/т 20 мг 5 мин ішінде, 20 мин өткен соң тағыда 20 мг 1 
мг/мин жылдамдықпен бір рет (ЭКГ бақылауымен). 
Қайталаудың алдын алу 
Сол жақ қарыншаның систололық қызметінің төмендеуімен 
жүретін, басынан өткерген МИ, ДКМП және жүректің басқа да 
органикалық 
паталогияларымен 
аурутын 
науқастар 
бета-
блокаторларды қабылдаса кеннеттен болған өлім қауіптілігін 
төмендетеді, бірақта сирек жағдайда ҚТ қайталануының алдын алу 
үшін ол жеткіліксіз болады: 
Атенолол ішке 25—100 мг 1—2 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Бисопролол ішке 2,5—10 мг 1 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Метопролол ішке 50—100 мг 2 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Пиндолол ішке 5—30 мг 2 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Пропранолол ішке 10—40 мг 2—4 р/тәу, ұзақ уақыт 
немесе 
Тимолол ішке 10—30 мг 2 р/тәу, ұзақ уақыт. 
Сол жақ қарыншаның шығару фракциясы төмендеген және қан 
айналымның жеткіліксіздігі дамыған науқастарға жекелеген бета-
блокаторлардың ең аз мөлшерінен бастап тағайындау керек.
Жүректің органикалық патолгиясы бар науастарда ҚТ алдын 
алу үшін тағайындалатын антиаритмиялық IA и IC тобының дәрі-
дәрмектері болжамды нашарлатады. Амидарон ҚТ алдын алып 
қана қоймай болжамды жақсартатын жалығыз препарат. Оны 
қабылдауда мүмкін болатын асқыныстарды да ескерген жөн: 
Амиодарон ішке 200 мг 3—4 р/тәу 3—10 тәу. 


236 
Емдеуді ЭКГ бақылауымен (2—3 тәу 1 рет) жүргізеді. 
Амиодаронмен қаныққан соң (V5 мен V6 тіркемелерінде Q—T 
интервалының ұзаруы, Т тісшесінің кеңеюі мен қалыңдауы) ұстап 
тұрушы мөлшерін ғана тағайындайды: 
Амиодарон ішке 100—400 мг 1 р/тәу, ұзақ уақыт. 
Ұстап тұрушы мөлшерін жекелеп анықтайды. Емдеуді ЭКГ 
бақылауымен жүргізеді ( 4—6 аптада 1 рет). Егер Q—T 
интервалының ұзақтығы бастапқы сатысынан 25% ұзарса, 0,5 с 
дейін жақындаса, онда препаратты қабылдауға үзіліс жасап, келесі 
қабылдағанда ең аз мөлшерінен бастау керек.
 
Өмір сүру сапасын амиодарон әсерінен ұзартса да, жүрекішілік 
кардиовертер-дефибрилляторлы 
имплантация 
құрылғысы 
медикамнетозы емнен асып түседі. Жүректің органикалық 
патолгиясы жоқ бірақ ҚТ бар науқастарда катетерлі деструкция 
нәтижелі болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   123   124   125   126   127   128   129   130   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет