252
Жүрек гликозидтері
Симптомды ЖЖ мен ЖФ кезінде басқа препараттар ұтымды
болса да дигоксин қарыншалық жиырылу жиілігін сирету үшін
қолданылуы мүмкін. Дигоксин симптомды ЖЖ мен ЖФ СҚ ≤40%
[DIG (Digitalis Investigation Group зерттеуі)] кезінде синусты ритмі
бар науқастарда қолданылуы мүмкін.
Дигоксин ішке 0,125 мг 1—2 р/тәул
Бүйрек жеткіліксіздігінде дигоксин мөлшерін креатинин
клиренсі төмендеуіне пропорционалды азайтады.
ЖФ кезінде дигоксинді синусты ритм кезінде таңдау
препараты ретінде —тек ААФ ингибиторларымен, β-блокаторамен
және диуретиктармен қосып тағайындайды.
Дигоксинді декомпенсация белгілерімен ЖИА және
стенокардия ұстамалары кезінде абайлап тағайындау керек. Жүрек
гликозидтері мен β-блокаторлардың біріккен тиімді тағайындалуы
жөн деп есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: