255
Клопидогрел ішке 75 мг 1 р/тәул.
Тікелей емес антикоагулянттар
ЖФ бар науқастарда ғана қолданғаны болмаса, (систолалық и
диастолалық ЖЖ) пероралдық антикоагулянттар өлімді –
аурушаңдықты плацебо немесе аспиринмен салыстырғанда
төмендетеді деген дәлел жоқ.
Статиндер
Атеросклерозы бар науқастарда статиндердің бағалылығын
дәлелдейтін көптеген сенімді зерттеулер бар болса да, көптеген
зерттеулерде ЖЖ бар науқастар алынып тасталған ( себебі бұл
препараттардың мүмкін болатын тиімділігін анықталмаған
[ESC/EAS Guidelines for the management of dyslipidaemias: the Task
Force forthe management of dyslipidaemias of the European Society of
Cardiology (ESC) and the European Atherosclerosis Society (EAS).
EurHeart J 2011]). Екі кейінгі зерттеулерде тікелей СЖЖ бар
науқастарда статиндермен емдеу зерттелген және тиімділігінің
сенімді дәлелдемесін көрсете алмады (әлсіз зиян әсері дәлелденсе
де) [Rosuvastatinin older patients with systolic heart failure.N Engl J
Med 2007; Effect of rosuvastatin in patients with chronic heart failure
(the GISSI-HF trial): a randomised, double-blind, placebocontrolled trial.
Lancet 2008]. Кардиоваскулярлы медицинаның басқа аймақтарында
дәлелденгеніне қарамастан СЖЖ бар көпшілік науқастарда
статиндерді қабылдауды бастауға негіз жоқ деп саналады.
Глюкокортикоидты заттар
ГКС тұрақты артериалды гипотонияда (систолалық АҚ 90 мм
сын. бағ. төмен), әсіресе ААФ ингибиторлары мен β-
блокаторларды
тағайындау
қажеттілігінде,
сонымен
бірге
миокардтағы солғын ағымды үдерістерде:
Преднизолон ішке 20 мг/тәул дейін.
Көрсетілген
мөлшерде
преднизолонмен
емдеуді
ААФ
ингибиторлары мен / немесе β-блокаторлардың оңтайлы мөлшеріне
жеткенге дейін жалғастырады. Әрі қарай ДЗ мөлшерін аздап
әдеттегі әдіспен төмендетеді.
Достарыңызбен бөлісу: