Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет146/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Емнің тиімділігін бағалау 
Миокардиттің емінің тиімділігі туралы науқастардың жалпы 
жағдайының жақсаруы және төстегі ауырсынулардың, жүрек 
ырғағының бұзылыстарының, ЖЖ белгілерінің жоғалуы, дене 
қызуының және қан көрінісінің тұрақтануы (лейкоциттер 
шамасының, ЭТЖ қалпына келуі, диспротеинемия жоғалуы) 
хабардар етеді. 
 
ИНФЕКЦИОНДЫ ЭНДОКАРДИТТЕР 
 
Инфекционды эндокардит (ИЭ) — қоздырғыштың тікелей 
енуінен және жиі жедел және жеделдеу сепсис түрі бойынша
қоздырғыштың қан айналымында болуынан, тромбогеморрагиялық 
және иммунды өзгерістерден, асқынулармен жүретін жүрек 
қақпақшаларының және қабырға маңы эндокардтың қабынулық 
зақымдануын айтамыз.
Жіктелуі 
Клиникалық-морфологиялық: 
— бірінішілік ИЭ, өзгермеген жүрек қақпақшаларында пайда 
болады; 
—екіншілік ИЭ —қақпақшалардың немесе ірі тамырлардың
бар ақауы негізінде дамиды
Этиологиялық 
себебі 
бойынша: 
стрептококктік, 
стафилококктік, энтерококктік, вирусты және т.б.; 
Ағымы бойынша: 
— жедел, ұзақтығы 2 айдан аз; 
— жеделдеу, ұзақтығы 2 айдан астам; 
— созылмалы қайта өршімелі ағымы диагностика және емінде 
қателіктер кеткен жағдайда дамуы мүмкін. 
ИЭ ерекше түрілері 
Ауруханалық ИЭ: 
— протезделген қақпақшаның ИЭ 
—электрокардиостимуляторы бар науқастардың ИЭ (ЭКС); 
— трансплантацияланған мүшелері бар адамдардағы ИЭ; 
— бағдарламалық гемодиализдегі адамдардағы ИЭ. 
Нашақорлардағы ИЭ
Егде және қарт жастағы адамдардағы ИЭ (марантикалық) 


272 
21-кесте. Инфекционды эндокардиттің жіктелуі [Еуропалық 
кардиологтар қоғамының ұсыныстары, 2009] 
Инфекцияның орналасуына, жүрекішілік құрылғылардың бар немесе 
жоқ болйына байланысты
Нативті қақпақшаның сол жақ ИЭ
Протезделген қақпақшаның сол жақ ИЭ (ПҚИЭ)
- ерте ПҚИЭ: < 1 жыл қақпақшалық отадан кейін
- кеш ПҚИЭ: > 1 жыл қақпақшалық отадан кейін 
Оңжақтық ИЭ
Жүрекішілік құрылғылармен байланысты ИЭ (уақытша кардиостимулятор 
немесе кардиовертер - дефибриллятор)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет