269
Дәрілік заттардың жекелеген топтарының қолданылу
ерекшеліктері
Ренин – ангиотензин жүйесін тежейтін препараттарды ерте
қабылдаудың
әсерінен
жүректің
бейберекет
бейімделуші
ремоделденуінің айқындылығының төмендеуі, аурудың
дилатационды кардиомиопатияға (ДКМП) дейінгі өршуінің азаю
мүмкіндігі бар. Сынақтық жұмыстарға негізделген жекелеген
мамандар
көзқарасы бойынша, ААФ ингибиторлары миокардиттер
кезінде жүректің ремоделденуін толыққанды тоқтата алатыны
дәлелденді, ААФ ингибиторларын жедел миокардиті бар
науқастарда ремодельдеу үдерісін бақылау үшін, АҚ қысымын
қарап отырып, абайлап қолдану үшін ұсынуға мүмкіндік береді.
-блокаторлар
ЖЖ – нің жедел декомпенсация фазасында,
сонымен қатар
фульминантты миокардиті бар науқастарды өте ерте кезеңде
емдеуде
-блокаторларды қолданбаған жөн.
-блокаторлармен
емдеу жүрек қарыншаларының қызметін жақсартуға, ЖЖ аурылауы
бойынша госпитализация жиілігін азайтуға, сондай - ақ
өміршеңдікті арттыруға алып келеді. Миокардит болуы мүмкін
науқастардан
-блокаторларды қолданбау жағымсыз ақып соңына
әкелетінін болжауға мүмкіндік беретін мәліметтер алынды.
Минералокортикоидты рецепторторлардың антагонистері
Минералокортикоидты
рецепторлардың
антагонистерін
қолдану СҚ-ның систолалық дисфункциясы және тұрақты ЖЖ
бар және ауырлығы NYHA жіктелуі бойынша II-IV функционалды
топқа сәйкес келетін науқастарға ұсынылады. Осындай науқастарға
ЖЖ стандартты терапиясына альдостерон
антагонистерін қосу
госпитализацияға
қажеттілікті
төмендетіп,
өміршеңдікті
жақсартады.
Стероидты емес қабынуға қарсы препараттардың және
колхициннің қолданылуы
Миокардиті бар науқастарды жүргізуге арналған қазіргі
заманғы мәліметтерде СЕҚҚЗ вирустық миокардиттерді емдеуге
арналған заттар ретінде аталмайды,
сонымен қоса емдеуге
қолдануға ұсынылмайды. СЕҚҚЗ және колхицинді қабынуға қарсы
дәрілік заттар ретінде перикардиттерді емдеуде «арнайы емес»
қабынуға қарсы терапия ретінде қолданылады, бірақ миокардитпен
270
ауыратын науқастарды емдеуге бұл препараттардың көрстекіштері
жоқ.
Иммуносупрессивті терапия
Миокардиттің
терапиясының
бұл
бөлімі
көптеген
зерттеулермен берілген. Бұл бөлімінің ең маңызды зерттеулерінің
бірі болып Myocarditis Treatment Trial зерттеуі табылады. Бұл
зерттеуге гистологиялық анықталған миокардит диагнозы бар 111
науқас кірді. Науқастарды екі топқа рандомизерледі - преднизолон
+ циклоспорин немесе азатиоприн. Иммуносупрессивті терапияны
плацебомен қатар қойғанда преднизолонмен терапия өлім – жітімді
төмендетуге әкелген жоқ.
Соңғы зерттеулерде де вирусты миокардиттер кезінде
преднизолонмен емдеудің тиімділігі дәлелденген жоқ. Бүгінгі күні
иммуносупрессивті
терапия
аутоиммундық
ауруларда,
коллагеноздардан дамыған миокардиттерде,
алып жасушалық
миокардитте және созылмалы ағымды вирус – теріс қабынулық
кардиомиопатиясы бар науқастарда тиімді деп саналады.
Вирусқа қарсы терапия
Миокардиттері бар науқастарды емдеуде вирусқа қарсы
препараттардың
қолданылуына
теориялық
негіз
болып
миокардиттердің көбісінің вирусты инфекциямен шартталатыны
туралы мәліметтер табылды. Обсервационды зерттеуді орындау
барысында энтеровирустар мен
аденовирустардың миокардта
персистенциясы және СҚ дисфункциясы бар науқастарда
интерферон-
қолдану барлық науқастарда вирусты геномның
элиминациясына, сондай – ақ 23 науқастың ішінде 15 науқаста СҚ
қызметінің жақсаруына әкелді.
Кейінірек жасалған рандомизирленген плацебо-бақылаушы
зерттеуде BICC (Betaferoninpatientswithchronicviralcardiomyopathy)
табиғаты қабыну
ДКМП бар 143 науқаста миокардта расталған
вирусты инфекция болған, Бетаферонды қолдану (интерферона-
-1-
b), миокардта вирусты жүктеменің (энтеровирустар)
әжептеуір
статистикалық азаюына алып келген, бірақ жалпылай барлық
науқастарда вирустың (парвовирус В19) толық элиминациясына
қол жеткізуге мүмкіндік берген жоқ. Бұл зерттеуді жүргізу
барысында әртүрлі көрсеткіштер бағаланды, бірақ NYHA жіктелуі
бойынша ЖЖ – нің функционалды
класы және науқастардың
өздерінің жағдайын бағалауының жақсаруы анықталды.