Дилатационды кардиомиопатия Дилатационды кардиомиопатия (ДКМП) — сол жақ немесе
екі қарыншаның да кеңеюімен және миокардты қабаттың жиырылу
қызметінің бұзылысымен жүретін миокардтың зақымдалуы.
Жүректің екі қарыншаның дилатациясынан пайда болған
кардиомегалия, шығару фракциясының төмендеуі және соңғы
диастолалық көлемнің кеңеюі ДКМП өзіне тән белгісі болып
табылады. Жүректің минуттық көлемінің төмендуі жүрек
жеткіліксіздігінен іркілісті дамытады.
Этиология және патогенез ДКМП 50% аса науқаста этиологиясы белгісіз болып қалады.
Мұндай жағдайда біріншілік немесе идиопатиялық ДКМП
жайында айтады. Анықталған вирусты миокардит ДКМП 15—35%
себебі болса, 20% науқстарда ДКМП созылмалы алкоголизм
әсерінен дамиды.
Миокардты инфекциялық агенттің зақымдауынан туындаған
миокардит аурудың негізгі себебі болып табылады. ДКМП ауратын
науқастардың қанынан әр түрлі аутоантиденелерді тапқан жағдайда
миокардтың аутоиммундық зақымдалуын көрсетеді.
Зақымдаушы себептердың әсерінен (токсикалық заттар,
патогенді
вирустар,
қабыну
жасушалары,
антидене)
кардиомиоциттердің жартылай жойылып, қалған жасушалар
компенсаторлы гипертрофияға ұшырайды. Нәтижесінде аурудың
бірінші
кезеңінде
гипертрофирленген
кардиомиоциттердің
диастолалық босаңсуы зақымдалса да жүректің жиырылу қызметі
қалыпты бола береді. Жекелеген бұлшық ет жасушаларының
жойылуынан басқа өмірге қабілетті кардиомиоциттердің қабынулық
медиаторлар әсерінен, мысалы, цитокиндерден қызметі төмендеуі
мүмкін. Бұл жүректің жиырылу қызметінің бұзылысына әкеледі.
287
Басқада зақымдаушы себептер миокард фиброзының дамуын
ынталандырады, оның эластикалық қасиетін төмендетеді (яғни
диатолалық қызметінің бұзылысы) және жүрек қуысының
дилатациясын дамытады.