289
Т тісшесінің ерекше емес өзгеруі.
ЭхоКГ
Кардиомегалиямен аурутын науқастар зерттейтін негізгі әдісі.
ДКМП кезінде эхокардиографиялық зерттеу жүрекшенің кеңеюімен
қосарлана жүретін СҚ мен ОҚ дилатациясын, СҚ жиырылуының
диффузды төмендеуін (СҚ шығару фракция 45—50% құрайды)
анықтайды.
Кеуде қуысының рентгенографиясы
Кардиомегалия кезінде жүрек көлеңкесінің айқын кеңеюі,
аурудың кеш дәрежелерінде кіші қан айналымындағы іркілістер
анықталады.
Жүрек катетеризациясы
Жүректің сол жақ бөлігін катетеризациялау СҚ диастололық
қысымы толығымен бағалап, жүректің минуттық көлемін және
шығару фракциясынның дәрежесін толық анықтайды. Бұл әдіс
инвазивті және бағасы қымбат болғандықтан тек ЖЖ ауыр
декомпенсация сатысында жүргізіліп жатқан терапия нәтижелігін
бағалау үшін ғана қолданылады.
Коронарография
Бұл зерттеу ЖИА ауруын ДКМП даму себебі ретінде жоққа
шығаруға мүмкіндік береді. (ЖИА кезінде СҚ систолалық қызметі
коронарлы қан айналымнан кейін жақсарады).
Достарыңызбен бөлісу: