Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет162/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Диагностикалық өлшемдері 
РКМП 
диагнозы 
отбасылық 
сыртартпаға, 
клиникалық 
көрінісіне, физикалық зерттеу нәтижелеріне, ЭКГ, ЭхоКГ 
мәліметтеріне, кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясына, 
компьютерлі 
томографиға 
немесе 
магнитті 
резонансты 
томографияға, сонымен қатар жүрек катетеризациясы мен 
эндомиокардиальды биопсияға негізделіп қойылады. 
Жиі шағымы ерекше емес: әлсіздік, шаршағыштық, жүрек соғу 
сезімі, кейде ешқандай жүктемеге байланыссыз және нитраттармен 
басылмайтын жүрек маңының ауырсынуы жатады. Жүрекше-
синустық немесе АВ-түйіннің зақымдалу нәтижесінде естен тану, 
бас айналу болуы мүмкін. Сонымен қатар үлкен және кіші 


300 
шеңбердегі қанайналым жеткіліксіздігі көріністері байқалуы 
мүмкін: 

Аускультацияда екі өкпенің төменгі бөліктеріндегі ылғалды
кіші көпіршікті сырылдар; 

Дем алғанда үлкейетін, әсіресе көлденең қалыпта мойын 
веналарының 
ісінуі 
(Куссмауль 
симптомы), 
югулярлы 
флебограммада Y күшті төмендеуі (ерте диастолалық толу фазасы);

гепатомегалия. 
Жүрек бұлшық еттерінің зақымдалу көріністері жоқ: 
перкуссияда жүректің тұйықталу шекаралары кеңеймеген, жүрек 
ұшы түрткісі өзгеріссіз. Жүрек аускультациясында кейде митральді 
және/немесе үшжармалы қақпақшаларда систолалық шу, өкпелік 
артерия үстінен II тон акценті естілуі мүмкін (өкпелік гипертензия).
ЭКГ өзгерістері ерекше емес, СҚ гипертрофиясы белгілері, ST 
сегменті және Т тісшесінің ерекше емес өзгерісі болуы мүмкін. Жиі 
қарыншаішілік өткізгіштік бұзылысы және аритмиялар анықталады.
ЭхоКГ көмегімен әдетте бірден диастолалық қызметінің 
бұзылысымен (доплер-ЭхоКГ кезінде рестриктивті тип бойынша 
диастолалылқ толу) бірге СҚ қалыпты систолалық қызметін және 
өкпе артериясы қысымының жоғарылау белгілерін анықтайды. 
ЭхоКГ ДКМП және ГКМП жоққа шығаруға көмектеседі, бірақ 
констриктивті перикардитті жоққа шығару үшін ақпаратты емес. 
Кеуде қуысы мүшелерінің рентгенографиясы қалыпты немесе 
шамалы үлкейген жүрек көлемдерін, өкпедегі іркіліс көлемін 
көрсетеді. 
Жүрек 
катетеризациясы 
кезінде 
диастолалық 
дисфункцияның рестриктивті түрін дәлелдейді: қарыншалардағы 
қисық қысым «құлау және үстірт» көрінісін көрсетеді. Соңғы 
диастолалық қысым ОҚ қарағанда СҚ жоғары.
Емі
Емдеуді ЖЖ жалпы қағидаларына сай, клиникалық ауырлық 
дәрежесінің көрінуіне тәуелсіз жүргізіледі. Жүрек гликозидтерін 
жүрек қуысының дилатация болмаған кезде төменгі әсер етуіне 
байланысты тағайындамайды. Аритмияның симптоматикалық 
терапиясын жүргізеді. Ауыр аритмия және блокада кезінде 
жүрекішілік кардиовертер-дефибрилляторы немесе ЭКС қоюды 
қажет етеді.


301 
Жүрекішілік тромбтар анықталған жағдайда тура емес әсерлі 
антикоагулянттар тағайындайды.
Гемохроматоз кезінде негізгі аурына әсер ету арқылы жүрек 
жұмысын қалпына келтіруге тырысады. Саркоидоз кезінде ГКС
миокардтағы патологиялық өзгерістерге әсер етпейді.
Эндокардиалды фиброз кезіндегі эндокард резекциясы
митралды қақпақшаны протездеу науқастың жағдайын кейде 
жақсартады. 
Жүрек трансплантациясы жалғыз түбегейлі дұрыс әдіс болып 
табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет