Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет163/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
ДИСЛИПИДЕМИЯЛАР 
Дислипидемия – бұл липопротеидтер мен майлар түзілуінің, 
алмасуының және циркуляциядан шығарылуының бұзылысынан
қан айналымында олардың мөлшерінің төмендеуі немесе 
жоғарылауына әкелетін тұқым қуалайтын немесе жүре пайда 
болған ауруы.
Дислипидемияға липидтік байланыстағы бұзылыстардың кең 
спектрі жатады, соның жартысы жүрек–қан тамыр ауруларының 
алдын-алуда маңызды рөл атқарады. Дислипидемия басқа аурулар 
әсерінен (екіншілік дислепидемия) немесе тұқым қуалуға 
бейімділік пен қоршаған ортаның қолайсыздығынан дамуы мүмкін.
Барлық науқастар себептер жиынтығы, жүйелердің 
зақымдануы мен басқа да жүйелердің қосарланған патологиялары 
жүрек–қан тамыр ауруларына қауіптілігінің дәрежесіне қарай
жіктелуі дұрыс деп санайды (ЖТ қаупі). 
Қауіптілікті бағалау кезінде Еуропалық SCORE кестесіне 
негізделген есептік
кестені қолданады. Бұл кестенің мәліметтері 
эпидемиологиялық зерттеулерге негізделген. SCORE моделі 
бойынша қосылған ЖТ қауіптілігі есептелген, онда соңғы 10жыл 
ішінде жүрек – тамыр ауруларынан қайтыс болатындардың 
абсолютті қауіптілігі көрсетілген.
Терапиялық әдістер негізгі қауіптілікке есептеліп таңдалған. 
Науқастары қауіптілік дәрежесіне қарай бөлу салыстырламы 
өзгерістерге әкелетінін білген жөн, бірақ бұл әдістің қарапайым 
болуын ескере отырып ұсынады.


302 
Төменгі қауіптілік кестесі жүрек – тамыр аурулары бойынша
өлім–жітім көрсеткіші төмен Бельгия, Франция, Греция, 
Люксембург, Испания, Швейцария, Португалиада және тағы да 
басқа мемлекеттерде қолдау ұсынылған (31- кесте). Жоғарғы 
қауіптілік кестесі қалған барлық аудандарға арналған (32- кесте).
31-кесте. SCORE төменгі қауіптілік кестесі [ ЕОК/ЕОА 
дислипидемияны емдеу бойынша ұсыныстар 2011] 
10 жыл ішінде жүрек – тамыр аурулары бойынша өлім–
жітімнің даму қаупінің пайыздық көрсеткіші, %. 
Қауіпті бағалау үшін науқастың жынысына, жасына және 
темекі тарту жағдайына сай кестені таңдау керек; содан соң кесте 


303 
ішіндегі сол науқастың АҚ мен ЖХС деңгейіне сай болатын 
торшаны алу керек. Науқас келесі жастық санатқа жеткенде 
өзгеріске сай қауіпті қайта есептеу керек. 
Қосымша 
себептердің 
болуы 
(тығыздығы 
жоғары 
липопротеиндер холестерині (ТЖЛП ХС) деңгейінің төмен болуы, 
үшглицеридтердің 
(ҮГ) 
жоғары 
деңгейде 
болуы 
ЖТ 
асқыныстарының жиынтық қаупін жоғарылатады. 
32- кесте. Кесте SCORE жоғарғы қауіпі [ЕОК/ЕОА 
дислипидемияны емдеу ұсыныстары бойынша, 2011] 
10 жыл ішінде жүрек – тамыр аурулары бойынша өлім–жітімнің даму 
қаупінің пайыздық көрсеткіші, %


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   159   160   161   162   163   164   165   166   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет