Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет170/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

дәлелділік деңгейі 
В
): 
■ көп тамақ қабылдаудан бас тарту; 
■ тамақтанудан кейін еңкеюді және горизонтальды қалыпты 
болдырмау; соңғы рет тамақтану ұйықтар алдында 3 сағат бұрын 
болғаны дұрыс 
■ ӨТБ-ның қысымын төмендететін және өңештің шырышты 
қабатына қоздырғыш әсер ететін тағам өнімдерін шектеу: майларға 
бай өнімдер (сүт, торттар, тәтті тоқаш), майлы балық және ет (қаз, 
үйрек, шошқа, қой, сиыр еті), ішімдіктер, кофеині бар сусындар 
(кофе, шай шоколад), цитрустар, томаттар, пияз, сарымсақ, 
қуырылған тамақтар; газдалған сусындардан бас тарту;
■ басын жоғары көтеріп ұйықтау; 
■ құрсақішілік қысымды жоғарлататын жүктемелерді шектеу: 
тар киім кимеу, тығыз белдемелер, корсеттер тақпау, екі қолға 8-10 
кг жоғары жүктерді көтермеу, ішастарға қысым түсіретін 
физикалық жүктемелерді жасамау;
■ шылым шегуден бас тарту ; 
■ дене салмағын қалыпты ұстап тұру ; 
■ мүмкіндігінше рефлюкстің пайда болуына алып келетін 
препараттарды шектеу (
дәлелділік деңгейі В
) (седативті жән 
транквилизаторлар, кальций каналдарының тежегіштері, α- немесе 
β-адреноблокаторлар, теофиллин, простагландиндер, нитраттар). 
Медикаментозды ем 
ГЭРА-ның емі үшін әртүрлі топтағы препараттар қолданылады:

антацидтер; 

алгинаттар; 

прокинетиктер; 

гистамин рецепторларының H
2
-блокаторы; 

ППИ 
Терапия түрін рефлюкс –эзофагиттің ауырлығына байлынысты 
таңдайды.


316 
Прокинетиктер ӨТБ-нің қызметін жақсартады, асқазанның 
босатылуын белсендіреді, бірақ ол тек қана қосарланған терапия 
құрамында әсері жақсы. Домперидонды қолданған жөн болып 
табылады:
Домперидон 10 мг 3-4 рет күніне 
Метоклопрамид көп жағымсыз әсерлерге ие, сондықтан аз 
қолданылады.. 
Антисекреторлы терапия мақсаты – гастроэзофагеальды 
рефлюкс кезіндегі асқазан қышқылының өңештің шырышты 
қабатына зақымдалушы әсерін азайту. Таңдау препараты - 
протонды сорғы тежегіші.
Эрозивті емес рефлюксті ауру кезінде протонды сорғы 
тежегіштерін тәулігіне 1 рет тағайындайды :
Омепразол 20 мг 
немесе 
Лансопразол 30 мг 
немесе 
Пантопразол 40 мг
немесе 
Рабепразол 20 мг
немесе
Эзомепразол 20 мг таңғы немесе кешкі ас алдында 
Емнің ұзақтығы 4-6 апта.
Әрі қарай қолдаушы терапияны стандартты немесе жарты 
мөлшерімен «сұрауы бойынша» тәртібінде симптомдар пайда 
болғанда жүргізеді (орташа алғанда 3 күнде 1 рет). Емнің оң 
нәтижесінің көрсеткіші – симптомдарды тұрақты түрде болдырмау.
ГЭРА-ның эрозивті түрлерінде емдеу курсының ұзақтығы 
аурудың даму кезеңіне байланысты. Бір-екі эрозия болған кезде (А 
және В кезеңі), емдеу ұзақтығы апта, көптеген эрозияларда (С 
және D кезеңі) - 8 апта . Қолданады:
Омепразол 20 мг 2 рет тәулігіне
немесе 


317 
Лансопразол 30 мг 2 рет тәулігіне 
немесе 
Пантопразол 40 мг 1 рет тәулігіне 
немесе 
Рабепразол 20 мг 1 рет тәулігіне 
немесе 
эзомепразол 40 мг1 рет тәулігіне 
Эрозияның тез жазылуының оң өзгерісі болмағанда немесе 
ГЭРА ның өңештен тыс көріністері болса, протонды сорңы 
тежегіштерінің мөлшерін және емдеу курсын екі есе көбейту керек 
(12 апта немесе одан көп). Емнің оң нәтижесі – симптомдарды 
тұрақты түрде болдырмау.
ГЭРА-ның 
эрозивті 
түрлерінде 
қолдаушы 
терапияны 
стандартты немесе жарты мөлшерде 26 аптада, ал ауруды асқынған 
ағымында (мысалы, қан кетуде) – 52 аптада жүргізеді. 
2012 жылы ГЭРА бойынша консенсусте алғаш рет маңызды 
қорытынды жасалды, ППИ жүктілер үшін қауіпсіз және 
клиникалық көрсеткіштер бойынша тағайындалу керек болса, 
қолдану мүмкін (


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   166   167   168   169   170   171   172   173   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет