Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет168/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Этиология және патогенезі 
ГЭРА-ның дамуына өңештің төменгі бөлігінің сфинктерінің 
патологиялық өзгеруі (тонустың әлсіздігі), АІЖ бойымен төмен 
орналасқан мүшелерден тамақтың дұрыс емес жылжуы (тамақтың 
асқазаннан он екі елі ішекке жылжуы), құрсақ қуысында қысымның 
жоғарлауы әсер етеді.
ГЭРА-ның дамуына алып келетін себептер:

Семіздік 

Жүктілік 

Шылым шегу 

Көп мөлшерде майлы және қуырылған тамақтарды, шоколад, 
кофені қолдану 

Кейбір препараттарды қолдану (фенилэтиламин туындылары) 
ГЭРА кезінде өңештің төменгі сфинктерінің тыныштықтағы 
қысымы төмендеп, ал өңештің төменгі бөлігінің сфинктерінің 
өтпелі босаңсуы жиілейді. Осындай жағдайлар 10 секунд немесе 
одан да көпке созылады және олар жұтуға тәуелсіз. Осы кезде 
өңештің қысымы асқазан қысымының деңгейіне дейін төмендейді 
де, сол уақытта рефлюкс пайда болып, өңештегі рН деңгейі 
төмендейді және өңештің зақымдалуына сай симптомдар дамиды. 
ГЭРА-ның патогенезінде маңызды себептері: өңеш пен асқазандағы 
моторика 
бұзылысы; 
өңештің 
шырышты 
қабатының 
резистенттілігінің төмендеуі; асқазан сұйықтығының құрамының 
“агрессивтілігі”.
 
Диагностикалық өлшемдер 
ГЭРА-ның жиі байқалатын симптомдары:


313 

Қыжылдау (көбінесе физикалық күштемеден соң, еңкейгеннен, 
жатқан кезде, тамақтанудан кейін немесе белгілі тамақ түрінен 
кейін). 

Регургитация. 

Одинофагия — жұтынғанда және тамақтың өңеш бойымен 
өтуі кезіндегі ауырсыну.

Дисфагия — тамақтың өңештің бойымен өтуі кезіндегі 
қиындық немесе кедергінің болуы (өңештің пептикалық 
стриктурасы кезінде). 
Өңештен тыс симптомдар (экстраэзофагеальды), өңештің 
шырышты қабатының қышқылмен қоздырылғанда пайда болатын 
вагальды рефлекстен, асқазан-өңештік рефлюкстен рефлекторлы 
бронх түйілуі нан және де асқазан сөлінің микро – аспирациясынан 
пайда болады, құрамында:

Кеуде куысындағы ауырсыну (сипаты бойынша коронарогенді 
ауырсынуға ұқсас); 

Тыныс алу мүшелерінің зақымдалуы – созылмалы жөтел, 
бронхиалды демікпе, дисфония, ларингит, синусит, фарингит.
Асқыныстар 

Өңеш тарылу — тыртықтың қабынуынан және қалыптасуынан 
өңештің тарылуы (ГЭРА науқастарының 1,2—20%-да кездеседі). 

Өңештің ойық-жарасы – асқазан сөлінің агрессивті 
компоненттерінің әсерінен пайда болатын өңештің шырышты және 
шырышасты қабатының ақауы.

Қан кетулер (салыстырмалы түрде сирек кездеседі). 

Баррет өңеші. 
Диагнозды қою үшін, клиникалық көріністен басқа, келесі 
зерттеулерді жүргізу қажет: 
1.Эндоскопия — эзофагитті анықтау және жіктеу, Баррет 
өңешін диагностикалау және биопсия жасау үшін қолданылады. 
2012 жылы қабылданған ГЭРА бойынша консесте, Америкалық 
гастроэнтерологиялық бірлестігінің шешімі бойынша (Guide lines 
for the Diagnosis and Management of GastroesophagealRefluxDisease) 
ГЭРА-ға 
тән 
симптомдар 
болған 
кезде
эзофагогастродуоденоскопия (ЭГДС) қажет емес. Ол тек қана қарт 
жастағы адмдарды қауіпті белгілер болғанда, асқыныстардың 
жоғары қаупі бар науқастардың скринингі үшін, рефлюкспен 
байланысты төс артындағы ауырсынуларда және де ИПП-ның 


314 
қолдануына жауап бермейтін науқастарда қолданылады. Баррет 
өңеші және жаңа симптомдар болмаса, қайталамалы эндоскопиялар 
өткізілмейді (дәлелдік деңгейі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет