Диагностикалық өлшемдері
ФД диагнозын осы ауруға тән шағымдар болғанда және ұқсас
симптомдары бар органикалық патологияларды жоққа шығарғанда
қарастыру керек: гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы, асқазан және
он екі елі ішектің ойық-жара аурулары, асқазан обыры, созылмалы
панкреатит, өт-тас аурулары. Бұдан басқа ФД-ға тән симптомдар
склеродермия, жүйелі қызыл ноқта, диабеттік гастропарез,
гиперпаратериоз, гипер- және гипотериоз, ЖИА, омыртқаның кеуде
бөлімінің остеохондрозы, жүктілікте байқалады.
ФД диагнозы ФД-ның диагностикалық өлшемдері болған
жағдайда қойылады (Рим, 1999).
12 ай ішінде ұзақтығы 12 аптадан аз емес болатын үнемі
немесе қайталанбалы диспепсия (іштің жоғарғы бөлімінің ортаңғы
сызығымен ауырсыну немесе жағымсыз сезім).
Егерде тиянақты жиналған сыртартпаде, АІЖ-ның
жоғарғы бөлімінің эндоскопиялық зеттеулерінде және іш қуыс
мүшелерінің УДЗ-де органикалық аурулардың жоқ болуы.
Диспепсияның дефекация немесе оның жиілігі мен
түріне байланыссыз (тітіркенген ішек синдромына тән) жеңілдік
сезімін әкелмейтініне дәлелдің болмауы.
Ойық-жаралы
нұсқасында
эпигастрий
аймағында
қарқындылығы әртүрлі үнемі немесе кезектік ауырсыну немесе жиі
ашқарынға, түнде, тамақтанғаннан соң немесе антисекреторлық
заттарды қабылдағаннан соң жағымсыз сезімнің болуы.
Дискинетикалық нұсқасында ФД-сы бар науқасты ауырлық, іш
кебу, іштің толу сезімі, тамақтан соң эпигастриалды аймақта
ауырлық, жүрек айну, құсу, тамаққа тез тою сияқты диспепсиялық
бұзылыстар мазалайды.
Ерекшеемес нұсқасында аралас симптомдар байқалады және
жетекші синдромды ажырату қиынға түседі.
ФД-ға ұзақ уақытты айқын емес прогрессивті ағым тән.
ФД-ға зертханалық көрсеткіштердің өзгерісі тән емес.
ФЭГДС
АІЖ-ның
жоғарғы
бөлімінің
органикалық
326
патологияларын жоққа шығаруға мүмкіндік береді: эрозивті
эзофагит, асқазан немесе он екі елі ішектің ойық-жара ауруын,
асқазан қатерлі ісігі.
Гепатобилиарлы аймақтың УДЗ-і өт-тас ауруын, созылмалы
панкреатитті анықтауға мүмкіндік береді.
Асқазан ішілік рН-метрия асқазаннің қышқыл бөлуші қызметін
бағалауға мүмкіндік береді.
Изотоптармен
атқыланған
тағамды
қолдана
отырып
сцинтиграфия
асқазанның
тамақтан
босату
жылдамдығын
анықтайды.
Емі
Ем кешенді және тек қана дәрілік заттарды қолданбай,
сонымен қатар өмір сүру салтын, тәртіп пен тамақтануды қалыпқа
келтіру, ол керек болған жағдайда психотерапевтикалық әдіс
қолдану керек.
Ойық жаралы нұсқасында антацидтер алюминий гидроксид
магний гидроксид 1 мөлшерден әр 1,5 – 2 сағат сайын тамақтан соң
және ұйықтар алдында және антисекретарлы препараттар Н
2
-
гистамин рецепторларын блокаторларына қарағанда протон
сорғысының ингибиторлары (дәлелділік деңгейі
А
) қалыпты
тәулікті мөлшерінде қолданады.
Рабепразол ішке 20 мг (10 мг) 1р/ тәулік, 4-6 апта
Дискинетикалық нұсқасында асқазанның қозғалтқыш қызметін
қалыпқа келтіретін прокинетиктер тағайындалады.
Домперидон 10 мл 3-4 р/күніне 15-20 мин тамақтанардан
бұрын, 3-4 апта.
Домперидон гематоэнцефалды кедергіден өтпейтіндіктен
метоклопрамидпен салыстырғанда жағымсыз әсері аз көрсетеді.
ФД-ның спицификалық емес нұсқасында прокинетиктерді
антисекретарлы заттармен бірге тағайындайды.
Н. Руloriмен ассоцирленген ФД Масстрихт консенсумының III
топ ауруларына жатқызады. Бұнда мақсатты болып эрадикационды
терпия жүргізген дұрыс (дәлелдік деңгейі
В
), себебі науқастардың
327
жартысында (25 % шамасында) ол ұзақ уақытқа өзін өзі сезінуді
жақсартып және асқазанның ойық жарасымен атрофиялық
гастриттің алдын алады.
Достарыңызбен бөлісу: |