Этиология және патогенез Созылмалы гастриттің ең жиі кездесетін этиологиялық себебі
грамм теріс микроағза H. Pylori болып табылады. H. pylori – ді
жұқтыру асқазан шырышты қабатында қабыну инфильтратының
пайда болуына алып келеді, ал H. Pylori асқазан тінінде болуы
320
әрқашан гастриттің морфологиялық белгілерімен бірге жүреді. Н.
pylori асқазан эпителийінің қалыпты регенерация процестерінің
өзгеруіне алып келеді, сол себепті микроағза (тікелей немесе
тікелей емес) дисрегенаторлы үрдістерге жауап береді, бұл гастрит
патогенезінің маңызды құрамы болып келеді. Н. pylori
пролиферацияға
және
асқазан
шырышты
қабатының
эпителиоциттер апоптозына әсер етеді.
Асқазан шырышты қабатының жасушалық жаңару үрдістерінің
бұзылысы гастрит кезіндегі атрофия морфогенезі негізінде жатыр.
Диагностикалық өлшемдері H. Pylori инфекциясымен шақырылған созылмалы гастрит
симптомдары болмайды. Созылмалы хеликобактериялы гастрит
жағдайындағы диспепсия синдромын функциональды диспепсия
белгісі деп бағалаған жөн. Созылмалы аутоиммунды гастрит орта
және егде жастағы адамдарда кездеседі. Ол жиі пернициозды
анемиямен,
тиреоидитпен,
тиреотоксикозбен,
біріншілік
гипопаратиреозбен бірге жүреді. Физикалық зерттеуде анықталған
сыртартпа және симптомдары көбіне осы ауруларға негізделген.
Әдетте аутоиммунды гастрит тамақтан соң құрсақ үсті аймақта
ауырлық сезімімен, тою сезімі, асқазан толу сезімімен сипатталады.
Науқасты тамақпен және ауамен кекіру, ауыздан жағымсыз иіс
шығуы мазалайды. Тәбеті төмендеген. Метеоризм, тұрақсыз нәжіс
болуы мүмкін.
Зертханалық мәліметтер Созылмалы гастритке зертханалық көрсеткіштер өзгерісі тән
емес. В
12
-тапшылық анемиямен қосарласқан атрофиялық гастрит
кезінде гемоглабин төмендеуі, эритроциттердің түстік көрсеткіші
жоғарлауы, мегакариоциттер пайда болуы мүмкін. H. pylori
инфекциясын анықтау инвазивті (жылдам уреазды тест,
морфологиялық әдістер) немесе инвазивті емес (тыныс алу тесті, H.
Pylori-ге антиденелерді анықтау) әдістермен жүргізіледі.
Аспаптық зерттеулер ФЭГДС – диагнозды негіздейтін негізгі әдіс, себебі биоптаттың
гистологиялық зерттеуін жүргізуге болады. Асқазанның фундальды
және антральды бөліктерінің шырышты қабатының биоптатын
гистологиялық зерттеуін патоморфологиялық өзгерістер түрі мен
гастрит вариантын нақтылау үшін жүргізеді, ал инвазивті емес тест
321
жүргізуге мүмкіндік болмаған кезде H. Pylori-дің бар жоғын
анықтау үшін биоптат алады. Гепатобилиарлы жүйе мүшелерінің
және ұйқы безі қосымша патологиясы диагностикасы үшін УДЗ
жүргізеді.