334
ППТ-мен кларитромицинмен үштік терапия ұзақтығын 7
күннен 10-14 күнге дейін жоғарлату эрадикация тиімділігін 5%
жоғарлатады (дәлелділік деңгейі А).
«ППТ – кларитромицин + метронидазол» және «ППТ +
кларитромицин
+
амоксициллин»
сызбасының
тиімділігі
эквивалентты (дәлелділік деңгейі
А
).
Он екі елі ішектің асқынбаған ойық жарасы кезінде эрадикация
курсы
өткізілгеннен
кейін
антисекреторлы
терапияны
жалғастырудың қажеттілігі жоқ (дәлелділік деңгейі А). Асқазанның
ойық
жара ауруының өршуі кезінде, сонымен қатар қосымша
аурулардың өршуі кезінде немесе он екі елі ішек ойық жара
ауруының асқынысы кезінде ойық жараның жазылуы үшін 2-5 апта
мерзімінде антисекреторлық препараттың
бірімен терапияны
жалғастыру қажет (гистаминның Н
2
-рецептор блокаторлары немесе
ең әсеривты протонды помпа тежегіштері).
Эрадикациялық терапия протоколы бойынша ППТ мен
антибактериалды препараттармен ем аяқталғаннан кейін 4-6
аптадан кейін міндетті бақылау жүргізу қажет. Бұл кезде H. pylori
инфекциясының диагностикалау үшін
ыңғайлы әдіс - тыныс алу
тесті, алайда ол болмаған жағдайда басқа әдістермен қолдануға
болады.
Маастрихт-4 консенсусы бойынша ППТ мен кларитромицин
сызбасының
тиімділігі
болмаған
жағдайда
висмутпен
квадротерапия немесе левофлоксацинмен үштік терапия жүргізу
қажет (дәлелділік деңгейі А).
Квадротерапияға жатады:
- ППТ (омепразол,
немесе лансопразол, немесе рабепразол, немесе
эзомепразол, немесе пантопразол) стандартты мөлшерде күн. 2р.
- Субсалицилат висмуты (субцитрат -120 мг күн. 4р.)
- Тетрациклин -500мг күн. 4р.
Метронидазол (500 мг 3 рет\күніне) немесе фуразалидон (50-
150 мг 4 рет\күніне) минимум 7 күн.
Одан басқа эрадикационды сызбаның резервті түрінде
амоксициллин (750 мг 4 рет/күніне)
мен протонды сорғы
блокаторларымен біріктірілуі, рифабутин (300 мг/күніне) немесе
левофлоксацинмен (500 мг күніне) тағайындалады.
335
Екінші қатардағы терапиямен ем
нәтижесіз болғанда
антибиотиктерге сезімталдығын мүмкіндігінше анықтау керек
(дәлелдік деңгейі
А
). Кларитромицинге
жоғары резистенттілікті
аймақтарда висмут препаратымен квадротерапия сәтсіз болғанда
левофлоксацинмен үштік терапия тағайындау ұсынылады (дәлелдік
деңгейі
D
).
Н.руlori тәуелсіз асқазан жарасы бар науқастарға протонды
сорғы ингибиторы препараттарымен базисті терапия жүргізіледі,
Н
2
-гистамин рецепторлары блокаторларына
қарағанда осы топ
препарты тиімді деп саналады (дәлелдік деңгейі
Достарыңызбен бөлісу: