Өт қапшығы дисфункциясы
Өт қапшығы дисфункциясы – өт қапшығының жиырылу
қызметінің бұзылысы (толу не босауының), билиарлы түрдегі
ауырсынумен байқалады. Өт қапшығы дискинезиясына себеп
қапшық түтігінің тарылуы, бұлшық етінің гипертрофиясы, өт
қапшығының созылмалы қабыну аурулары болуы мүмкін.
Этиологиясы және патогенезі
Патофизиологиялық өзгерістер:
-өт қапшығы тегіс бұлшық еті жасушаларының патологиясы;
-нейрогормональді стимулдарға сезімталдылықтың төмендеуі;
-өт
қапшығы
мен
қапшық
түтігінің
координациясы
бұзылыстары
Қауіп себептерына гормональді реттеу бұзылыстары (жүктілік,
етеккіралды синдромы, соматостатинома), отадан кейінгі жағдай
(асқазан резекциясы, анастамоздар орнату, ваготомия), жүйелі
аурулар (қант диабеті, гепатит, бауыр циррозы, целиакия, миотония,
дистрофия).
Билиарлы ауырсыну өт қапшығының жиырылып өт құрамының
қарсыласып қапшық түтігінен босамауынан болады. Сонымен қатар
өт қапшығының босамауына өт қапшығы мен түтігінде артық
қысым болмай, бұлшық еттік жиырылу қызметі бұзылуынан да
қиындайды. Кейбір науқастарда билиарлы ауырсыну өт
337
қапшығының созылуынан моториканың бұзылысымен және
ауырсыну
стимулдарына
табалдырықты
сезімталдылық
төмендеуімен байланысты болады, дені сау адамдарда бұл жағдай
ауырсыну тудырмайды.
Диагностикалық өлшемдері
Шамалы не ауыр түрде қайталанатын ауырсыну, эпигастрий
немесе оң жақ қабырға астында, 20 мин дейін не одан ұзаққа
созылатын, соңғы 3 ай шамасында (егер ауырсыну науқастың
күнделікті іс-әрекетіне кедергі келтірсе-шамалы ауырсыну деп
бағаланады, ал ауыр деп бағалануы-күттірмейтін медициналық
кеңес не медикаментозды түрде ауырсынуды басу қажеттігінде).
Гиперкинетикалық бұзылыстарда қарқындылығы әртүрлі
шаншу тәрізді оң бүйіріне, арқаға, кейде сол жақ іш жартысына
(үрдіске ұйқы безінің түтікті жүйесі қосылғнада) иррадияциясыз не
иррадияциялы болады. Гипокинезия кезінде оң жақ қабырға
астында тұйық ауырсыну, қысым түсіргендей сезім, кернеу-дене
қалпын өзгерткенде не құрсақішіне қысым күшейгенде жоғарыда
аталған өзгерістер күшейеді, бұл өт қысымы градиентінің
өзгеруінен болады.
Ауырсыну бір немесе бірнеше келесі көріністермен қосарлануы
мүмкін:
құсу және жүрек айну, ауырсынудың арқаға немесе оң
жауырынға иррадияциясы, тамақтанғаннан соң ауырсынудың пайда
болуы, түнгі ауырсынулар. Дисфункцияның кез-келген түріне тән
жалпы көріністер-ауыздағы ащы дәм, іштің желденуі, тұрақсыз
нәжіс.
Өт қапшығы дисфункциясы диагнозы науқасты
сұрастыру барысында мына өзгерістер анықталса:
Шамалы не қатты ауырсыну көріністері қайталануы,
соңғы 12 айда бір ретті не көп ретті аталған симптомдардың пайда
болуы:
Ауырсынудың тұрақты сипаты, науқастың күнделікті
белсенділігінің төмендеуі және дәрігер кеңесін қажетсінуі
Өт қапшығы қызметі бұзылысы
Аталған
сиптомдарды
негіздейтін
құрылымдық
бұзылыстардың болмауы. Өт қапшығы қызметін бағалау
мақсатында бауырлық сынама, ұйқы безі ферменттері деңгейін
338
қарау, ультрасонография, ФЭГДС, ЭРХПГ, холесцинтография
99мТс-мен, холецистокининмен сынама жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |