Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет185/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Одди сфинктерінің дисфункциясы
Одди сфинктерінің дисфункциясы жалпы өт жолдарының 
сфинктерінің тонусының бұзылысымен және басты панкреатикалық 
түтіктің немесе жалпы сфинктердің тонусының бұзылысымен 
көрініс береді. 
Одди сфинктерінің моторлы белсенділігі өт қабының 
белсенділігімен рефлекторлы байланысты, сол себепті сфинктрдің 
тонусы өт қабының жиырылуы кезінде бәсеңдейді, соның 
салдарынан билиарлы жүйені қамтамасыз етеді. Одан басқа өт қабы 
Одди сфинктерінің гормональді қалыптастыруында тікелей әсер 
етеді. 
Холецистэктомиядан 
кейінгі 
сфинктердің 
моторлы 
қызметінің бұзылуы отадан кейінгі кезеңде абдоминальді 
ауырсынуды және диспепсиялық көрністерді беруі мүмкін. 
 
Этиология және патогенез 
Холецистэктомиядан кейін пайда болған Одди сфинктерінің 
дисфункциясының себебі құрылымның бұзылуы (жиі стеноз) және 
бұлшық ет дискинезиясы болып табылады. Одди сфинктерінің 
бұлшық ет дискинезиясы жиі сфинктердің гипертонусымен көрніс 
береді. Холецистэктомиядан кейін алғашқы айларында уақытша 
Одди сфинктерінің тонусының жоғарлауымен жүруі мүмкін. 
Одди сфинктерінің қызметінің бұзылуы және ауырсынудың 
пайда 
болуы 
механизмі 
сфинктердің 
бұлшық 
етінің 
талшықтарының түйілуіне және өт жолдар жүйесінің жоғарғы 


340 
қысымына және ұйқы безінің қысымының жоғарлауына 
байланысты болады. Одди сфинктерінің ұзақ уақыт түйілуі болуын 
шақыратын нақты себептер белгісіз. Пайда болуына әкелетін 
себептерге дуаденит, он екі елі ішектің қабынуын (папиллит немесе 
фиброз) жатқызуға болады. 
 
 
Диагностикалық өлшемдер 
Одди сфинктерінің дисфункциясымен ауыратын науқастарға 
эпигастрий аймағында ауырсыну сезімінің болуы және майлы 
тағамды қабылдағаннан кейін ауырсынудың күшеюі, лоқсу, 
метеоризм сезімі мазалайды. Сфинктердегі жедел қысымның 
жоғарлауы (40мм.с.б. және одан жоғары) өт шаншуы тәрізді 
ауырсынулармен жүреді. 
Одди сфинктерінің дисфункциясы кезінде клиникалық 
симптомдар байқалса билиарлы жолдың УДЗ жасау керек, 
бауырлық сынамалар, ұйқы безі ферменттерінің белсенділік 
деңгейін өлшеу керек. Егер жасалынған зерттеулер қалыпты болса 
онда ФЭГДС жасау керек. Одди сфинктерінің дисфункциясы
кезінде жүргізілетін диагностиканың негізгі мақсаты сфинктер 
аймағындағы құрылымдық өзгерістерді, соның салдарынан өттің 
және асқазан сөлінің бөлінуінің қиындауының пайда болуын 
анықтау. Одди сфинктерінің дисфункциясын тану кезіндегі “алтын 
стандарт” ретінде Одди сфинктерінің манометрі таңдалынады. 
Диагностикада сфинктердегі базальді қысым деңгейінің жоғарлауы 
35 мм.с.б. жоғары болуы маңызды болып келеді. Қозғалтқыш 
қызметінің бұзылуына әкелетін басқа жағдайлар: жоғарғы фазалы 
жиырылу 
(тахиоддия), 
жалпы 
ретроградты 
жиырылу, 
холецистокининге оғаш жауап беруі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет