Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет187/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
 


342 
ХОЛЕЦИСТИТ 
 
Холецистит 
дегеніміз 
– 
өт 
қапшығы 
қабырғасының 
зақымдалуымен, тастың пайда болуымен және билиарлы жүйенің 
моторлы-тоникалық қызыметінің бұзылысымен жүретін қабынулық 
ауру. Көп жағдайда жедел холецистит өт шығару жолының таспен 
бітеліп қалуы кезінде, өт қапшығы ішіндегі қысымның 
жоғарылауына алып келетін, осылайша жедел холецистит жиі өт-
тас ауруының алдын алатын жағдай болып табылады. Тассыз 
холецистит ауыр оталы араласымдар, көпшілік жарақаттардан, көп 
көлемді күйік, жаңадан босанғаннан кейін, сепсис, сальмонеллез, 
ұзақ ашығу, толық парентеральді тамақтанудан дамуы мүмкін. 
Жіктелуі

Катаральді холецистит – қабыну кілегей және кілегей 
асты қабаттармен шектелген. 

Флегманозды холецистит - өт қапшығының барлық 
қабатының инфильтрациялы іріңді қабынуы.

Гангренозды холецистит - өт қапшығы қабырғасының жиі 
немесе тотальді некрозы. Өт қапшығының перфорациясы кезінде өт 
құрсақ қуысына ағады (гангренозды-перфоративті холецистит).

Эмфизематозды холециститтің өзін калькулезды және 
тассыз деп жеке алып қарастырамыз, бұл жағдай өт қапшығына 
анаэробты 
микрофлораның 
әсерінен 
газдың 
жиналуымен 
мінезделеді. 
Жедел холецистит асқынысы.

өт қапшығының эмпиемасы - өт қапшығында белгілі 
мөлшердегі іріңдіктің жиналуымен жүретін іріңді қабынулық ауру. 

өт маңындағы абсцесс 

өт жолының перфорациясы 

перитонит 

механикалық сарғаю 

холангит 

өт жолының жыланкөзі (іштей немесе сырттай) 

жедел панкреатит.
 
 
Диагностикалық өлшемі 
Холециститке тән ауырсынулар болған кезде сонымен қатар 


343 
физикальді, зертханалық және аспатық зерттеу әдісі (УДЗ ФЭГДС 
рентгенологиялық зерттеу). Осыларды толық жүргізген кезде көз 
жеткізуге болады. 

Холецистит кезіндегі ауырсыну эпигастрий аймағына немесе 
оң қабырға астына, арқаға, оң жауырынның төменгі бұрышына, оң 
иыққа, кейде дененің сол жақ бөлігіне берілуі мүмкін. Ауырсыну 
түнгі немесе таңертеңгілік уақытта белгілі бір интенсивтілікте 30-60 
мин созылатын ауырсыну сипаты мазалауы мүмкін. Ауырсынудың 
пайда болуына майлы тамақ, ащы дәм-тұз, алькогольді заттар, 
эмоциональді күштеме, себепші болуы мүмкін.
Ауырсыну синдромы науқастың бет-әлпетінде сипатталады, 
сонымен қоса тершеңдік, мәжбүрлі қалып, бір қырына жатып 
аяқтарын ішіне бүгу болады.

Қызба жиі субфебрильді кейде фебрильді (холециститтің 
деструктивті түрісында немесе асқыныстармен байланысты) де 
болады. Гектикалық қызба қисығы, айқын тершеңдікпен жүреді, 
қатты қалтырау, мұндай жағдай жиі іріңді қабынуды болжайды (өт 
қабының эмпиемасы, абсцесс). Әлсіреген науқаста жасы егде 
адамдарда іріңді холецистит кезінде қызба субфебрильді бола беруі 
де мүмкін, ал кейде ребелсенділіктің төмендеуі. 

Басқа да симптомдар-ащы дәммен кекіру немесе үнемі 
болатын ауыз қуысындағы ащы дәм, іштің жоғарғы бөлімінде 
кернеу сезімінің болуы, іштің кебуі, нәжістің бұзылуы, лоқсу, 
өтпен құсу. 

Сарғаю тән емес, бірақта өттің шығарылуының қиындауы 
кезінде, кілегейдің жиналуынан өт конкременттерімен бітелуі 
немесе дамыған холангитте болуы мүмкін. 
Сыртартпа жинаған кезде келесі тарауларды сұрастыру керек.

Ауырсынудың локализациясы, иррадиациясы, ұзақтығы. 

Қосалқы симптомдар: қызба, қалтырау, құсу, лоқсу. 

Сыртартпаінде өттік шаншуының болуы. 

Науқастың жасы (егде қартайған шақта жиі асқыныстар 
көрініс табады). 

Қант диабетінің болуы (бұл ауру кезінде жиі гангренозды 
холецистит дамиды). 
Физикалдық тексеріс кезінде мыналарды жүргізу керек: 

Жалпы жағдайын бағалау

Тері мен көзге көрінетін кілегей қабаттарды (әсіресе склера, 


344 
коньюктива, тіл жабындысын, сарғаюды дер кезінде анықтау үшін 
қарау керек). 

Құрсақ қуысының алдыңғы бұлшықеті, көбінесе оң қабырға 
астының эпигастрий аймағының күш түсіріп байқау керек. 

Оң қабырға астына өт қабының үлкеюін байқау үшін 
пальпация жасау керек. Холецистит кезінде Мерфи симптомы 92% 
оң болады. 

Қызбаны өлшеу. 
Жедел холециститпен ауыратын науқастарда келесі белгілер 
анықталады.

Өт қабының қабыну симптомына келесілер жатады. 

Мерфи симптомы-оң қабырға астына күш түсргенде болатын 
ауырсыну, сонымен қатар терең дем алғанда (Басқалай 
интерпретацияда: Науқас терең дем алғанда оң қабырға астында 
еріксіз болатын ауырсыну). 

Кера симптомы-оң қабырға астына пальпация жасағанда 
ауырсынудың болуы. 

Ортнер симптомы-оң қабырға доғасынан ұрғылағанда 
ауырсынады.

Мюссе-Георгиевский симптомы (френикус симптомы)- төс-
бұғана-емізікше бұлшықеті аяқшаларының арасына саусақпен 
басқанда ауырсыну. 

Щеткин-Блюмберг симптомы құрсақ қуысының қабынуында 
(перитонит) оң болады. 
Зертханалық зерттеу: 
лейкоцитоз, лейкоформуланың аздап 
солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы, жедел холецистит кезінде 
билирубиннің аздап жоғарылауы, АЛТ және АСТ белсенділігінің 
жоғарылауы, ᵞ-глутамилтранспептидаза холестаз синдромының 
салдарынан сілтілі фосфатазаның әсерінен белсенділігі жоғарылауы 
мүмкін. 
Аспаптық зерттеу:
Құрсақ қуысының УДЗ жүргізу, өт-тасы ауруы аясында 
мынандай конкременттер анықталады: өт қабы қабырғасының (3мм) 
қалыңдауы, өт қабы қабырғасының контурының екі еселенуі, 
осының маңында сұйықтықтың жиналуы. Өт қабының эмпиемасы 
кезінде - эхогенділігі орташа, құрылымы акустикалық көлеңкесіз 
(ірің) болады. 


345 

ФЭГДС- ойық жара ауруын жоққа шығару үшін жүргізеді. 

Кеуде қуысын рентгенологиялық зерттеу - өкпедегі 
патологиялық плевритті жоққа шығару үшін жүргізіледі. 

КТ- УДЗ-ң алтернативасы ретінде жасалады. 

Биллиарлы жолдың МРТ-сы. 

Эндоскопиялық 
ретроградты 
холангиопанкреатография 
(ЭРХПГ) холедохолитиазды жоққа шығару үшін және де өт 
қапшығының ісікті ауруына күдік болғанда жасалынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет