Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет195/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Объективті зертеулер 
Пальпацияда Шоффар аймағында (кіндік деңгейінде ортаңғы 
және горизонтальді сызық жүргізіп, жоғарғы оң бұрышты 
биссектрисамен бөледі. Шоффар аймағы биссектрисамен ортаңғы 
сызық арасында орналасқан) және Дежардена нүктесі (кіндікті оң 
жақ қолтық асты ойысымен байланыстыратын 5-6 см кіндіктен 
жоғары сызық) жергілікті ауырсыну ұйқы безі басының 
ауырсынуын, Мейо-Робсон нүктесі (сол жақ қабырғалық 
омыртқалық бұрыш) ұйқы без құйрығы зақымдалуын көрсетеді. Оң 
френикус симптом анықталады (төс бұғана емізікше бұлшықетінің 
төске бекінген аяқшалары арасын басқанда ауырсыну). Науқастарда 
дене салмағы жеткіліксіздігі анықталады. Кеуде, іш, арқа терісінде 
ұсақ дөңгелек түрілы, 1-3 мм көлемді, басқан кезде жоғалмайтын
ашық қызыл дақтар (Тужулин симптомы) белсенген ұйқы бездік 
ферменттердің әсерін көрсетеді. Сондай ақ, гиповитаминозға 


358 
негізделген терінің құрғауы мен қабыршақтануы, глоссит, стоматит 
байқалады.
 
Зертханалық зерттеулер 
Жалпы қан талдауы : лейкоцитоз және ЭТЖ жоғарылауы 
мүмкін. 
Қандағы және зәрдегі амилазаның мөлшерін анықтау 
(жоғарылауы тән), қан сарысуындағы липаза (жоғарылауы тән, 
амилазаны анықтауға қарағанда нәтижелі, себебі гиперферментемия 
ұзақ сақталады), амилаза (гиперферментемия амилаза мен липазаға 
қарағанда ұзақ сақталады). 
Копрограмма: полифекалия тән (тәулігіне 400 граммнан 
жоғары болуы). Нәжісті күнделікті үш күн бой өлшеу барысында 
анықталады, стеаторея (тәуліктік рационда май 100 гр болғанда 9% 
майдың анықталуы), креаторея ( көру алаңында 10 немесе одан көп 
бұлшықет 
талшықтарының 
анықталуы) 
ауыр 
ұйқы 
без 
жеткіліксіздігінің көрінісі.
Қан сарысуында глюкоза мөлшерін анықтау (жоғарылауы 
мүмкін).
Дуоденалдік құрамды тексеру: секретинмен, панкреозиминмен 
(созылмалы панкреатиттің бастапқы сатысында гиперсекреторлы 
тип, бездің фиброзы дамығанда гипосекреторлы тип) стимуляцияға 
дейінгі және кейін дамыған ұйқы бездік секреция (ферменттер, 
гидрокарбонат, сөл мөлшері) көрсеткіштерінің өзгерісі.
 
Аспаптық зертттеу 
УДЗ: ұйқы бездің көлемінің ұлғаюы, контуруның тегіс 
болмауы, бездің ісінуі кезінде эхогенділігінің төмендеуі, 
құрылымының біркелкі болмауы, псевдокисталлар тән.
Рентгенография: 
-іш 
қуысы 
мүшелерінің 
жалпы 
рентгенографиясы-
кальцинаттарды анықтау үшін; 
-асқазанның және он екі елі ішектің рентгенологиялық зерттеуі-
дискинезияны, дуоденостазды, он екі елі ішектің орналасу 
ерекшелігімен түрін анықтау үшін; 
-гипотония кезіндегі дуоденография – ұйқы безі басының 
ұлғаюын анықтау үшін; 


359 

Ұйқы безінің детальді визуализациясы үшін КТ.

Дуоденальді 
емізікшенің 
ауырсыну 
аймағын 
дуоденоскопиямен көру. 

Негізгі панкреаттық ағыстың өзгерісін анықтау үшін 
эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатикография. Ағысты 
жүйедегі диффузды өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді: негізгі 
панкреатты 
ағыстың 
кеңеюімен 
тарылуының 
алмасуы, 
қабырғасының нервтілігі, бүйір тарамдарының детүріциясы. 

Ісікпен кистаны жоққа шығару мақсатында ангиография 

Ұйқы безінің биопсиясы 
Емі 
Медикаментозды емес емі 
Емдәм ұйқы безі секрециясын күшейтпеу керек. Айқын 
өршудің алғашқы 3-5 күнінде ашығу ( стол №0) және 
гидрокарбонатты – хлоридты су тағайындалады. Қажет болған 
жағдайда парентеральды тамақтану тағайындалады: ақуыз 
ерітінділері (альбумин, протеин, плазма), электролиттер, глюкоза. 
Бұл интоксикация және ауырсыну синдромын басуға және 
гиповолемиялық шоктың алдын алуға көмектеседі.
Дуоденостаз кезінде жіңішке зондтың көмегімен асқазанға 
аспирация жүргізіледі. 
3-5 күннен кейін науқасты пероральды тамақтандыруға 
көшіреді. Тамақтану аз-аздан жиі болуы керек. Ұйқы безінің 
секрециясын күшейтетін тағамдарды шектеу қажет: майлар (әсіресе 
термиялық өңдеуден өткен), қышқыл тағамдар. Кальцийге бай сүт 
тағамдарын (ірімшік, сыр) шектейді. 
Тәуліктік рационда 80-120 гр жеңіл қорытылатын ақуыздар 
(жұмыртқаның ағы, майсыз қайнатылған ет, балық), 50-75 гр май, 
300-400 гр көмірсу (полисахаридтер түрінде болғаны дұрыс). 
Науқас көтере алған жағдайда шикі көкөністерді беруге болады. 
Спиртті ішімдіктерді, ащы тағамдарды, консервілерді, 
газдалған сусындарды, қышқыл тағамдар мен жидектерді, қышқыл 
жеміс шырындарын пайдалануға тыйым салынады. 
Медикаментозды ем 
Панкреатті секрецияны азайту 

Асқазан секрециясын басу: протонды помпа ингибиторлары 
(омепразол, лансопразол, рабепразол, эзомепразол) немесе Н
2
-


360 
гистаминды 
рецепторларының 
тежегіштері 
(ранитидин, 
фамотидин). Бұл топтағы дәрілерді алдымен парентеральды 
енгізеді: 
Омепразол 40-80 мг/тәу.көктамырға немесе фамотидин 20 
мг/тәу. 2-4 рет көктамырға, сосын науқасқа дәрілік затты қалыпты 
мөлшерде ішке тағайындайды. 

Тамақтан кейін 1-1,5 сағаттан кейін кешке антацидтерді 
тағайындауға болады. 

АІЖ 
моторикасының 
бұзылысын 
қалпына 
келтіретін 
препараттар: 
Домперидон 10 мг 3-4 рет күніне 
Дәрілер дуоденостазбен және дуоденогастральдық рефлюкспен 
шақырылатын кекіру, жүрек айну кезінде тағайындалады. 
Ауырсыну синдромын басу 
Панкреаттық секрецияны басуға бағытталған емдік шаралар 
ауырсыну синдромын жақсы басады. Наркотикалық емес 
анальгетиктер немесе спазмоанальгетиктер: парацетамол (500 мг 3-
4 рет тәулігіне) немесе СЕҚҚЗ (дәлелдік денгейі 
С
). 
Айқын 
ауырсыну 
синдромы 
кезінде 
наркотикалық 
анальгетиктер тағайындалады (трамадол 800 мг/тәу), Морфин
беруге болмайды, себебі морфин Одди сфинктерінің спазмын 
шақырады 
Сонымен бірге ұйқы безінің ағысты жүйесінің қысымын түсіру 
үшін: холиноблокаторлар, миотропты спазмолитиктер (дротаверин, 
мебеверин т.б.). 
Асқынбаған созылмалы панкреатиттің өршуі кезінде ауырсыну 
синдромы 3-4 күнде басылады. 
Ауырсынуды ферментті препараттарда басады, себебі олар кері 
байланыс принципі бойынша панкреаттық секрецияны азайтады 
Ұйқы безінің экзокринді қызметін ың орын басушы емі. 
Стеаторея тәулігіне 15 г дейін май жоғалту, диарея, арықтау 
кездерінде ферменттерді тағайындайды. 
Ферментті 
препараттардың 
мөлшері 
панкреаттық 
жеткіліксіздіктің дәрежесіне және науқастың емдәм сақтауға деген 
қалауына байланысты. Айқын сыртқы жеткіліксіздігі бар науқаста 
толыққанды тамақтану кезіндегі қалыпты асқорытуды қамтамасыз 
ету үшін 30000 бірлік липаза әр тамақтану кезінде тағайындалады. 


361 
Қолданылатын препараттар асқазанның РН ын төмендетпеу 
керек және ұйқы безі секрециясын күшейтпеу керек. Сондықтан 
ферменттердің құрамында өт қышқылы және асқазанның шырышты 
қабатының экстрактысы (панкреатин) болмағаны дұрыс. 
Ферменттік препараттар өмір бойына тағайындалады. Науқас 
қатаң түрде емдәм сақтаған жағдайда мөлшерін азайтуға болады. 
Ферменттің мөлшері дұрыс тағайындалған жағдайда науқас салмақ 
қосады, стеаторея, креаторея, диарея тоқтайды. 
Тағайындалған ферменттің жоғарғы мөлшерсынан кейін (30000 
бірлік липаза) оң нәтіже болмаса ары қарай мөлшерін көбейтудің 
қажеті жоқ. Оның себебі қосалқы аурулар болуы мүмкін: он екі елі 
ішектің микробты таралуы, жіңішке ішектің құртты инвазиясы, РН 
төмендеуінің 
нәтіжесінде 
болған 
өт 
қышқылдарының 
преципитациясы және он екі елі ішек ферменттерінің 
инбелсенділігі. РН төмен кездегі ферменттердің инбелсенділігінан 
басқа өт секрециясы және панкреаттық сөл жоғарлайды және оның 
құрамындағы 
ферменттердің 
мөлшері 
төмендейді. 
Бұл 
ферменттердің мөлшерінің азаюына әкеледі. Дуоденальді ортаның 
РН 
төмендеген 
кезде 
ферменттермен 
антисекреторлы 
препараттарды (ППИ, Н
2
-гистамин рецепторларының тежегіштерін) 
бірге тағайындайды. 
Хирургиялық араласуларға көрсеткіш: 
-
басылмайтын интенсивті іш ауруымен шақырылған еңбекке 
қабілеттіліктің бұзылуы; 
-
3-6 ай ішінде консервативті емнен нәтіже болмаса; 
-
хирургиялық араласуды қажет ететін созылмалы панкреатиттің 
асқынулары (қан кету, он екі елі ішек өтімсіздігі, симптоматикалық 
псевдокисталар т.б.); 
-
ұйқы безінің қатерлі ісігіне күдік туындағанда. 


362 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   191   192   193   194   195   196   197   198   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет