Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет194/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Диагностикалық өлшемдері:
Созылмалы панкреатиттің клиникалық көрінісі ауырсыну 
синдромынан, экзо-, эндокринді жеткіліксіздіктен, ауру 
асқынуынан тұрады. 
Ауырсыну синдромы 
Ауырсыну локализациясы ұйқы безінің зақымдалуына 
байланысты: ұйқы безінің құйрығы зақымдалса ауырсыну сол 
қабырға астында, кіндіктің сол бөлігінде болады; денесі зақымдалса 
эпигастральды аймақта ортаңғы сызықтың сол жағында болады; 
ұйқы безінің басының патологиясында ортаңғы сызықтың оң 
жағанда, Шоффар зонасында болады. Мүшенің толық зақымдалуы 
кезінде ауырсыну іштің жоғарғы жағында «белдеме» немесе 


356 
«жартылай белдеме» сияқты болады. Ауырсыну тамақтан соң 
(әсіресе көп көлемді, ащы, қуырылған және майлы) 40-60 минуттан 
кейін пайда болады немесе күшейеді. Арқамен жатқан қалыпта 
ауырсыну күшейеді, отырған және алға еңкейген қалыпта 
бәсеңдейді. Ауырсыну жүрек аймағына, сол жауырынға, сол иыққа 
және сол мықын аймағына стенокардия тәрізді иррадиация береді.

Ауырсыну аяқ астынан жедел, біртіндеп кушеюі немесе 
тұрақты сыздап , басып ауыруы, тамақ қабылдаған соң кушеюі 
мүмкін.

Кекіру, қыжылдау, жүрек айну. Бұл көріністер он екі елі 
ішектің төмендеген бөлімінің дискинезиясына, дуоденостазға 
байланысты.
Экзокринді жеткіліксіздік 

Ұйқы бездің сыртқы секреторлы жеткіліксіздігі ішектік 
қорытылу үрдісінің және сіңірілудің бұзылуымен, жіңішке ішекте 
артық бактериялардың өсуімен көрінеді. Нәтижесінде науқастарда 
іш өту, стеаторея, метеоризм, тәбеттің жоғалуы, арықтау дамиды. 
Кейінірек гиповитаминозға тән симптомдар көрінеді.

Ұйқы бездің сыртқы секреторлы жеткіліксіздігі келесі 
себептерді күшейтеді: 

Энтерокиназа және өттің жеткіліксіздігінен ферменттер 
белсенділігінің төмендеуі; 

Он екі елі ішек және жіңішке ішектің моторлы қызметінің 
бұзылысына байланысты ферментері бар тағамдық химустың 
жылжуы бұзылысы; 

Жіңішке ішектің жоғары бөліміндегі микрофлораның артық 
өсуіне 
байланысты 
ферменттердің 
инбелсенділігі 
және 
жеткіліксіздігі; 

Тағамдық ақуыздың жеткіліксіздігі, гипоальбуминемия, 
осыдан панкреатикалық ферменттердің өндірілуінің бұзылысы.

Ұйқы бездің сыртқы секреторлы жеткіліксіздігінің ерте белгісі 
стеаторея. Ол ұйқы бездік секрецияның қалыптыдан 10%-ға 
төмендегенде дамиды. Жеңіл стеаторея ешқандай клиникалық 
көрініс бермейді. Айқын стеатореяда іш өтудің саны тәулігіне
үштен алтыға дейін созылып, нәжісі көлемді, сасық иісті, ботқа 
тәрізді, майлы жылтыр болады. Науқас майлы тағамды қабылдауды 
азайтса немесе ферментті препараттар қабылдаса стеаторея 
төмендеп, байқалмауы да мүмкін.


357 

Кейбір науқастарда ұйқы бездің сыртқы секреторлы 
жеткіліксіздігі 
және 
ішектегі 
қорытылумен 
сіңірілудің
бұзылысынан, сондай ақ ауырсынуға байланысты тағам 
қабылдауды шектеу салдарынан арықтау байқалады. Арықтауға 
сонымен бірге, тәбеттің төмендеуі, науқастардың қатаң диетаны 
сақтауы, ауырсыну ұстамалары, созылмалы панкреатиттің ағымын 
ауырлататын қантты диабетпен ауыратын науқастардың жеңіл 
қорытылатын көмірсуларды шектеуі алып келеді.

Майда еритін дәрумендердің (А, Д, Е, К) жеткіліксіздігі сирек 
байқалады және көбіне ауыр, ұзақ стеатореямен зардап шегетін 
науқастарда.
Эндокринді жеткіліксіздік 
Шамамен науқастардың 1/3 гипогликемиялық синдром
түрінде көмірсу алмасуының бұзылысы дамиды және солардың тек 
жартысында ғана қантты диабеттің клиникасы байқалады. Бұл 
бұзылыстардың даму негізінде аралшық аппараты жасущаларының 
зақымдалуы жатыр. Нәтижесінде тек қана инсулиннің емес, 
глюкагонның да жеткіліксіздігі дамиды. Бұл панкреатогенді қант 
диабеті ағымының ерекшелігін түсіндіреді.: гипогликемияға бейім 
болуы, 
инсулинді 
аз 
мөлшерде 
қабылдауға 
қажеттілік, 
кетоацидоздың тез дамуы, тамырлық және басқада өзгерістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   190   191   192   193   194   195   196   197   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет