Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет193/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Этиология және патогенез 
Қауіпті ықпалдар: 
-
Токсикалық себептер созылмалы панкреатиттің 60-70% себебі 
ішімдік болып табылады; 
-
Шылым шегу; 
-
Тұқым қуалаушылық себептер - катионикалық трипсиноген 


355 
генінің мутациясы тұқымқуалаушылық панкреатитке алып келеді; 
-
Өзекшелердің обструкциясы - обструктивті панкреатиттің 
дамуы зақымға, конкременттерге,
 
жалған жылауықтарға және 
ісіктерге байланысты.
-
Иммунологиялық фактор - аутоиммунды панкреатит ішектің 
қабынулық ауруларымен және көптеген аутоиммунды аурулармен, 
Шегрень синдромымен бірге немесе өз алдына жеке дамиды.
-
Басқа созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі және гиперпаратиреоз, 
мезентериальды тамыр атеросклерозының ишемиялық зақымдануы.
Созылмалы панкреатит дамуының негізгі себебі ұйқы безі 
өзекшесінің конкрементті обструкциясынан, қабынулық тарылуы
нана немесе ісіктерден дамиды. Ұйқы безінің кальцификациясы 
алкогольды және алкогольды емес панкреатитте дамиды: аралшық 
жасушалардың көбінесе жарақаттан кейінгі зақымдалуларынан, 
гиперкальцемия және ісіктерден. Бұл кезде негізгі рольды кальций 
карбонаты ерітіндісіне қаныққан преципитацияны тежейтін ұйқы 
безінің ақуызды конкременттері атқарады, ұйқы безі секретінде бұл 
ақуыз генетикалық детерминирленген. Ұйқы безінің экзокринді 
бөлігінің бұзылысы бикарбонаттардың және ферменттердің 
секрециясының төмендеуін шақырады. Бірінші кезекте майдың,
майда еритін дәрумендердің (А, Д, Е және К) сіңірілуінің 
бұзылысымен көрінетін липаза жеткіліксіздігі, кейде остеопороз 
және қан ұюы бұзылысына әкеледі. Созылмалы панкреатитпен 
ауыратын науқастардың 10-30 % -да қант диабеті дамиды, кеш 
кезеңдерінде көбінесе глюкозаға толеранттылық бұзылысы 
байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет