Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет191/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

 
Емі 
Терапия мақсаты: 

Өттегі тасты жою (өт шығару жолынан тастың өзін немесе 
конкрементпен қоса өт қабын); 

Клиникалық симптоматикаларды отасыз жою (оталы емге 
қарсы көрсеткіш болмаса); 

Асқынудың дамуына жол бермеу, таяудағы (жедел холецистит, 
жедел панкреатит, жедел холангит), алыстағы (өт қабы қатерлі 
ісігі). 
 
Медикаментозды емес ем 
Емдәм терапия: барлық кезеңінсында өт бөлінуін, өт 
секрециясын және ұйқы безі секрециясын күшейтетін өнімдерді 
шектейтін 4-6 реттік тамақтану тағайындалады. Қақталған, нашар 
еритін майлар, тітіркендіруші қоспаларды шектеу керек. Емдәм 
өсімдік жасұнығына бай болу керек, ол ішек перистальтикасын 
жақсартып қана қоймай, өт литогенділігін азайтады. Өт қабы 
шаншуы кезінде 2-3 күн аш болу қажет. 
 
Медикаментозды ем 
Пероральды литолитикалық терапия - өт-тас ауруы емінің 
жалғыз тиімді консервативті әдісі. Тастарды еріту үшін өт 
қышқылы препараттары қолданылады: урсодезоксихол қышқылы 
және хенодезоксихол қышқылы. 
Урсодезоксихол қышқылы бауырдағы холестерин синтезін 
тоқтатады және сонымен қатар холестеринді тастарды ерітуге 
қабілетті. 
Өт қышқылы препараттарымен емдеу амбулаторлы жүргізіледі 
және қабылданады.


352 
Ауыз арқылы литотрипсияға неғұрлым қолайлы жағдай 
мынандай кезде байқалады: 

Аурудың ерте кезеңінде; 

Өт-тас ауруының асқынбаған ағымында, өт қабы шаншуының 
сирек көріністерінде, аздаған ауырсыну синдромында; 

Тек холестеринді («қалқитын» пероральды холецистография 
кезінде) кезінде; 

Өт қабындағы кальцифирленбеген тастар ( Хаунсфилду 
бойынша КТ кезінде әлсіздік коэффиценті 70 бірліктен төмен) 
кезінде; 

Тас өлшемі 15 мм кем болғанда (соққы-толқынды 
литотрипсимен бірге - 30 мм дейін ), жақсы нәтиже болу үшін 
конкремент диаметрі 5 мм дейін болу керек; 

Өт қабының 1/3 бөлігінен көп емес орын алатын жалғыз тас 
болса; 

Өт қабының қысқару қызметі сақталған жағдайда. 
Өт-тас ауруында консервативті терапияға қарсы көрсеткіштер: 
1.
Өт-тас ауруының асқынуы, сонымен қатар жедел және 
созылмалы холецистит және науқасқа өт жолдарының жылдам 
санациясы және холецитэктомия жүргізу көрсетілсе; 
2.
Істен шыққан өт қабы; 
3.
Өт қабы шаншуының жиі көріністері; 
4.
Жүктілік; 
5.
Айқын семіздік; 
6.
Асқазан және он екі елі ішек ойық жарасы
7.
Бауырдың қосалқы аурулары - жедел және созылмалы гепатит, 
бауыр циррозы; 
8.
Созылмалы диарея; 
9.
Өт қабы карциномасы; 
10.
Өт қабында пигментті және ізбестелген холестеринді тастар 
болса; 
11.
Тас диаметрі 15 мм жоғары болса; 
12.
Өт қабы өзегінің 50% жоғарысын алатын көп тастар; 
Хенодезоксихолий қышқылы 15 мг/кг/тәу 1 рет немесе
Урсодезоксихолий қышқылы 10 мг/кг/тәу 1 рет. Барлық 
мөлшерін кешке ұйықтар алдында көп мөлшерде суға 
араластырып қабылдау. Ең тиімді және жиі тағайындалатын 


353 
ем сызбасы - хенодезоксихол қышқылы 7-8 мг/кг және 
урсодезоксихол қышқылы 7-8 мг/кг бірге ұйықтар алдында 1 
рет қабылдау. 
Ем ұзақтығы үзіліссіз препаратты қабылдағанда 6-дан 24 айға 
дейін созылады. Литолитикалық терапияның тиімділігіне, ол 
ауырсыну синдромының айқындылығын әлсіретеді және жедел 
холецистит даму қаупін азайтады. Ем УДЗ арқылы 3-6 ай сайын 
тастың жағдайын бақылау арқылы жүргізіледі. Тас еріген соң УДЗ 
1-3 айдан соң қайта жүргізіледі. 
Тас еріген соң урсодезоксихол қышқылы 3 ай бойы 250 мг/тәу 
қабылдау тағайындалады.
Пероральды литолитикалық терапияның тиімділігі препаратты 
қабылдаған соң 6 айдан соң УДЗ мәліметтері оң нәтиже бермесе 
препаратты тоқтату қажет. 
Антибактериальды терапия-жедел холецистит және холангитте 
қолданылады. 
Хирургиялық ем 
Холецистолитиазда хирургиялық емге көрсеткіштер: 

Өт қабының 1/3 бөлігін алатын ірі және ұсақ конкременттер; 

Өт қабы шаншу ауруында конкремент өлшемдеріне 
қарамастан жиі ұстаманың болуы; 

Істен шыққан (отключенный) өт қабы; 

Өт-тас ауруының холециститпен және холангитпен асқынған; 

Холедохолитиазбен бірге болса; 

Өт-тас 
ауруының 
перфорациямен, 
пенетерациямен, 
жыланкөзбен асқынған; 

Өт-тас ауруының биллиарлы панкреатитпен асқынған; 

Өт-тас ауруының жалпы өт түтігінің өткізгіштігінің 
бұзылысымен жүретін асқынуында. 
Хирургиялық ем әдістері: лапароскопиялық немесе ашық 
холецистэктомия, 
эндоскопиялық 
папиллосфинктеротомия 
(холедохолитиаз кезінде көрсетілген), экстракорпоральды соққы-
толқынды литотрипсия. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   187   188   189   190   191   192   193   194   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет