Оқулық I том Ш. С. Калиева, Н. А. Симохина, Т. К. Сагадатова клиникалық фармакология жəне ұтымды



Pdf көрінісі
бет202/230
Дата28.11.2023
өлшемі14,98 Mb.
#193927
түріОқулық
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   230
Байланысты:
Клиникалык фармакология жане утымды фармакотерапия Калиева 2014-01-01

Диагностикалық өлшемдер 
■Жалпы симптомдары: ұйқышылдық, әлсіздік, тез шаршаудың 
жоғарылауы және терінің қышымасы. Айқын ұйқышылыдық, 
сонымен қоса ашушаңдық пен агрессивті мінез-құлық кезінде 
бауырлық энцефалопатияны алып тастау керек. 
■Көкбауыр және бауыр өзгерістері: бауыр тығыздалып 
үлкейген, бірақ кейбір жағдайда қатты үлкен болмайды. Көптеген 
науқастарда шамалы ұлғайған көкбауыр пальпацияланады: жиегі 
қабырға доғасынан 2-3 см шығып тұрады (портальдық гипертензия 
көрінісі). 
■Сарыауру: науқасқа сарыаурудың бастапқы белгілері 
білінбейді және склера, тілдің жүгеншігі мен шырышты қабаттың 
есіріктігі, зәрдің жеңіл қошқылдануына науқастар аса қатты мән 
бере қоймайды. 
■Тыныс алудың қиындауы (беткей, жиі тыныс): асцит ішқуысы 
қысымының жоғарылауымен және көкеттің шектеулі қимылымен
созылмалы жүрек жеткіліксіздігімен; ісіну-асциттік синдром 
аясында гидроторакс әсері болуы мүмкін . 
■Геморрагиялық синдром (бауырда қанның ұю себебі 
синтезінің 
бұзылысы 
және 
гиперспленизм 
кезіндегі 
тромбоцитопения салдарынан): қызыл иектің қанауы, мұрыннан қан 
кету тән. Науқастар шамалы механикалық әсерден көгерген жер 
және қанталаудың болуын байқайды. 
■Асцит (қақпалық гипертензия көрінісі): іш қуысында 
сұйықтық жиналғандықтан көлемінің ұлғаюы (10-15 л сұйықтыққа 
дейін жиналуы мүмкін, ("бақа қарын")), оның үлкен көлемінде 
«тырысқан асцит» көрінісі болады, кіндіктің ісінуі, кейде оның 


376 
жыртылуымен, іш қуысында сұйықтықтың перкуторлық белгісі, 
флюктуация сиптомы оң. 
■Қақпалық гипертензия: асцит, асқазанның және өңештің 
көктамырларының варикозды кеңеюі, "медуза басы" түрінде 
ішперденің алдыңғы қабырғасының көктамырларының кеңеюі, 
спленомегалия 
және 
бауырлық 
көктамырлардың 
УДЗ-де 
диаметрінің кеңеюі, бауырлық энцефалопатия. 
■Бауыр циррозына тән басқада белгілер: дененің жоғарғы жағы 
мен бет аймағында телеангиэктазиялар; алақандық эритема; 
гинекомастия; аналық без атрофиясы/аменорея; аяқтың ісінуі 
(асцит кезінде); Крювелье-Баумгартен шуы – көктамырлық 
коллатералдар жұмыс істеуіне байланысты іште көктамырлық шу; 
алкоголь генезді бауыр циррозына тән Дюпюитрен контрактурасы; 
барабан таяқшасы типті қол саусақтарының соңғы фалангалар 
өзгерісі; қаңқалық бұлшықет атрофиясы, қолтықасты шұңқырында 
түктің 
болмауы; 
құлақмаңы 
сілекей 
безінің 
ұлғаюы 
(маскүнемдікпен ауыратын науқастарға тән); бауыр қызметін ың 
декомпенсацисы кезінде бауырлық иістің пайда болуы бауырлық 
команың алды болып табылады; тырсылдаған дірілде бауыр 
қызметін ың декомпенсациясына тән. 
Асқынудың даму белгілеріне қалт етпейтін бақылау жүргізу 
керек: 
■Асқазан-ішек қан кету симптомдарына: қанды құсық, мелена, 
систолиялық АҚ 100 мм.сын.бағ. және оның вертикальді қалыпқа 
ауысқан кезде 20 мм.сын.бағ. төмендеуі, ЖЖЖ минутына 100 ден 
астам; 
■ ішікі себептерден болған бактериалды перитонит белгілеріне 
тән: қарқыны әр түрлі іш қуысындағы жайылмалы, таралған 
аурсынулар, қалтырау, құсу, диарея, ішектің парезі байқалады; 
■бауырлық энцефалопатияның дамуын көрсететін естің 
ауысуы; 
■тәуліктік диурездің төмендеуі – бүйрек жеткіліксіздігі дамуы 
тән мүмкін белгі. 
Бауырлық энцефалопатия симптомдарына естің, ақылдың 
өзгеруі, мінез-құлықтың және нейробұлшықеттік бұзылыс жатады. 
Бауырлық энцефалопатияның 4 кезеңін ажыратады (38- кесте). 


377 
38- кесте. Бауырлық энцефалопатияның кезеңдері 
Кезең 
Психикалық статустың өзгерісі 

Естің бұзылысы мен өзгерісі жоқ, интеллектуальды және мінез-
құлық қызметі сақталған 

Ұйқы ырғағының бұзылысы: мүмкін ұйқысыздық немесе 
керісінше гиперсомния (сонымен қоса күндіз патологиялық 
ұйқышылдық 
және 
түнгі 
ұйқысыздық), 
зейіннің, 
концентрацияның төмендеуі, мазасыздану немесе эйфория
ашушаңдық 
II 
Адекватсыз мінез-құлық, бәсеңдеушілік (заторможенность), 
түсініксіз сөздер, астериксис (аяқ-қолдың ырғақсыз тербелмелі 
дірілдеуі) 
III 
Кеңістікте және уақытта дезориентация, гиперрефлексия, 
патологиялық рефлекстер, сопор 
IV 
Естің болмауы және қатты тітіркендіргіштерге реакцияның 
болмауы, кома 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   198   199   200   201   202   203   204   205   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет